Қазір кітап нарығында кез келген ойы бар өнімді қолдайтын кезеңде тұрмыз – Садық Шерімбек

24 Тамыз 2022, 13:04
1280
Бөлісу:
Қазір кітап нарығында кез келген ойы бар өнімді қолдайтын кезеңде тұрмыз – Садық Шерімбек

Бұл пікірді жас жазушы Садық Шерімбек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жазушының айтуынша, соңғы үш жыл ішінде ел аудиториясының тыңдайтын және көретін саласы өзгерген. Ендігі кезек отандық кітап туындыларының санын көбейту.

Естеріңізде болса, бұдан 5-7 жыл бұрын қазақ музыкасы жандана бастады. Ал қазір соңғы 3 жылдың көлемін алып қарасақ, қазақстандық аудитория өзіміздің музыканы тыңдайды. Жастардың көбінің плейлистіне қарасаңыз шетелдік музыканың қарасы азайған. Одан кейін бізге кино саласы ауа бастады. Қазір баяғыдағыдай кинотеатрда отандық туындыларымыз жоқ емес, айтарлықтай көбейген. Түсіріліп те жатыр. Соңғы 3 жылда бұл ауысымдар өз шегіне жетіп бара қалды. Келесі отандық контентке ауысатын сала не деп ойласаңыз, әлбетте, ол кітап саласы. Бұл кезеңде кез келген қолдау жақсы көмек болар еді, – деді Шерімбек орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Архив және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш «Айбоз» ұлттық сыйлығы туралы айқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы