Киіз үй лагері, палатка. Биыл балалардың демалысына 4,53 млрд теңге бөлінеді

18 Мамыр 2022, 12:26
1969
Бөлісу:
Киіз үй лагері, палатка. Биыл балалардың демалысына 4,53 млрд теңге бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев жазғы уақытта балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы айтып берді.

Жергілікті атқарушы органдарының мәліметіне сәйкес, 2022 жылы елімізде 236  қала сыртындағы, 11 мыңға жуық  мектеп  жанындағы, 930-ден астам шатырлы лагерьлерде балалардың 81,3%-ы (2021-56%) демалады. 1,5 млн-ға жуық (44,5%) балаға 4 677 жазғы мектеп жанындағы лагерь тамақтандыра отырып балаларға демалыс ұйымдастырса, 256 169 балаға 930 палаткалы, киіз үйлік лагерлер, 181 050 балаға 236 қала сыртындағы лагерлер жұмыс істейді деп жоспарланып отыр, - деп айтты комитет басшысы. 

Оның сөзінше, жалпы республика бойынша 2021 жылмен салыстырғанда 800 мыңға артық бала демалады. 2 млн 564 (80,7%) мыңдай  бала 86 966 құрылыс отрядтарына, орман және көгалдандыру жұмыстарына, аула клубтарына, дебаттық қосымша білім орталықтарына тартылады. 

Сонымен қатар жазғы демалыс шараларымен әлеуметтік аз қамсызданған отбасы балаларының 61%-ы, айрықша білім қажеттілігіне мұқтаждардың 64%-ы және 78% түрлі салада жетістікке жеткен оқушылардың, девиантты тәрбиедегі балалардың  82%-ы қамтылады деп күтіліп отыр. Жазғы сауықтыру науқанын қаржыландырудың жалпы көлемі 4,53 млрд теңге, - деп айтты Есенғазы Иманғалиев аппарат жиналысында.

Ол атап өткендей, жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес  былтырмен салыстырғанда биыл  Маңғыстау, Атырау  облыстарында оқушылардың демалыспен қамтылу жоспары біршама төмен. 

Өзгелердің жаңалығы