Киік мәселесі. Министрліктің басы қатты

30 Қаңтар 2023, 12:46
2673
Бөлісу:
Киік мәселесі. Министрліктің басы қатты
Фото: islam.kz

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің бас сарапшысы Асқар Абдрахманов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.  

Былтыр фермерлер «киіктер егінімізді таптап, шөбімізді жеп қойды» деп шағымданды. Бұл мәселеде Зоология институты  киіктерді 80 мың басқа азайту туралы ұсыныс берді. Бірақ нормативтік-актіні дайындау кезінде қоғам қарсы шықты. Қазіргі таңда ғылыми ұйымдармен балама жолдары қарастырылып жатыр, - деді Асқар Абдрахманов.

«Киіктер тағы көбейіп кетсе не істемексіздер?» - деп сұрады БАҚ өкілі.

Бұл мәселе зерттеу жұмысында қаралады. Біз ғылыми ұйымдардың ұсынысын әрі қарай қарастырамыз. Нақты шешім жоқ, - деп жауап берді сарапшы. 

Еске салайық, киіктерді тәлімбақта зерттеуге 750 млн теңге бөлінбек. Елімізде 1815 киіктің құралайы зерттеуге алынады. 

Өзгелердің жаңалығы