Елімізде 1815 киіктің құралайы зерттеуге алынады

30 Қаңтар 2023, 11:33
1255
Бөлісу:
Елімізде 1815 киіктің құралайы зерттеуге алынады
Фото: egemen.kz

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы Асқар Абдрахманов 1815 киіктің лағына ғылыми зерттеу жүргізілетінін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Біз аң аулау объектілері болатын жануарларды алып қою лимитін бекіту үстіндеміз. Ғылыми зерттеу институттары мен мекемелердің өтініштері бойынша биыл 1815 бас киік алыну көзделіп отыр. Мұнда киіктер тек ғылыми зерттеу үшін алынады. Мәселен, Жәңгір хан атындағы агротехникалық университетінде 2012 жылы арнайы тәлімбақ ашылған. Онда киіктерді жартылай еркіндікте ұстау жұмысы жүргізіліп келеді. Көктемде олардан тірідей 1815 лағы алынбақ. Оны тәлімбаққа апарып өсіреді. Киіктерді өсіру барысында оларға арнайы зерттеу жүргізіледі, – деді Асқар Абдрахманов министрліктің баспасөз мәслихатында.

Сарапшының айтуынша, ондағы басты мақсат пастереллез індетінің алдын алу.

Бұл індет әр 5-6 жылда қайталанып келеді. Естеріңізде болса, 2015 жылы Бетпақдала популяциясының киіктерінің 90 пайызы қырылып қалған болатын. Міне, осындай жағдайдан киіктерді сақтап қалу үшін жартылай еркіндікте өсіреміз. Мысалы, даладағы киіктер жаппай пастереллезден қырылатын болса, біздің көшеттікте өсірілген киіктер індетке төтеп бере беруге қауқарлы болады, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы