Киевтегі елшіліктен Қазақстан азаматтары мінген кезекті автобус жолға шықты

3 Наурыз 2022, 16:02
1241
Бөлісу:
Киевтегі елшіліктен Қазақстан азаматтары мінген кезекті автобус жолға шықты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау жалғасып жатыр.

3 наурызда Киевтегі елшіліктен Қазақстан азаматтары мінген кезекті автобус шықты.

Елшіліктің мәліметінше, автобуста 18 адам бар, оның төртеуі бала.

Сыртқы істер министрлігі мен шет елдердегі мекемелері Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмысы басталғаннан бері 431 азаматқа, оның ішінде Польшаға – 404 адамға, Молдоваға – 21 адамға, Мажарстанға – 5 адамға, Словакияға – 1 адамға шығуға жәрдем көрсетті. Қазақстандық дипломаттар жоғарыда аталған мемлекеттердің шекарасынан өтуді, азаматтарды жинауды және Қазақстанға одан әрі жетуді қамтамасыз етеді.

«Air Astana» әуекомпаниясының екі эвакуациялық ұшағы 299 адамды шығарып үлгерді, олар Катовице қаласынан (Польша) Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына жетті. Сонымен қатар, ү.ж. 3 наурызда үшінші эвакуациялық ұшақты жіберу пысықталуда.

Өзгелердің жаңалығы