Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Кибершабуылдан қалай сақтану керек – министрлік түсіндірді

12 Маусым 2025, 17:50
352
Бөлісу:
 автордан
Фото: автордан

Цифрлық инновациялар дамыған сайын кибералаяқтар да қулықтарын асырып, қоғамға сай бейімделіп келеді. Осы тұрғыда киберқауіпсіздік ұғымы өте маңызды. Алаяқтарға жем болмаудың қандай алғышарттары барын Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілі Руслан Абдықалықовтан сұрап білді.

Спикердің айтуынша, киберқауіпсіздікке қатысты биылғы ең басты өзгеріс – жеке деректерге рұқсатсыз қол сұққандарға айыппұлдың артуы.

Енді осы мақсаттағы айыппұлдар үш есе өсіп, максимум 2000 АЕК-ті құрайды және сәйкесінше, киберқауіпсіздікті бұзу бойынша айыппұлдар 5 есе артты, яғни бұрын минимум айыппұл 15 АЕК болса, қазір ол 75 АЕК-ті құрап отыр, - деді минисрлік өкілі.

Оның айтуынша, енді азаматтар өз еркімен несие алудан үздіксіз мерзімге бас тарта алады.

Бұрын жеке тұлға клектронды үкімет арқылы несиеден тек 6 айға ғана бас тарта алатын. Біз соны мерсімсіз қылу мүмкіндігін енгіздік. Ал несие алу керек болғанда, ол функцияны өшіріп, қайтадан несие рәсімдей беруге болады. Қауіпсіздік үшін осы жаңашылдықты барлық азаматқа қосуды ұсынамыз, – деді Руслан Абдықалықов.

Спикер киберқауіпсіздікдің алғышарттарын атап өтті. Сөзінше, аталған қарапайым кеңестерді орындаған азаматтың алаяққа алданып қалу ықтималдығы төмен.

Ең бірінші, кез келген ақпаратты қайта тексерген жөн. Қазіргі уақытта әртүрлі органдардың немесе банктардың атын жамылып, азаматтарға жалған ұсыныстар жасайтын алаяқтық фактілер көбейіп кетті. Егер сондай қоңырау түссе, тұтқаны қойып, сол мекемеге өзіңіз хабарласып, ақпаратты теңсеріңіз. Негізінен аталған мекемелкер ешқашан өздері қоңырау шалып, өнім ұсынбайды. Олар оны тек хабарлама жүзінде іске асырады. Екіншіден, ешкімге телефоныңызға келетін кодты айтуға болмайды. Үшіншіден, банк картаңыздың артындағы үш санды кодты ешкімге айтуға болмайды. Егер бұл санды тіпті банк қызметкерлері сізден сұрайтын болса, оны айтпаңыз, – деді минисрлік өкілі.

Сондай-ақ ол биылдан бастап мемлекеттік органдарда киберқауіпсіздік үшін тікелей басшы жауапты екенін айтты.

Егер бұрын ұжымдағы мемлекеттік құпияның таралып кеткені үшін лауазымды тұлғалар жауап берсе, биылдан бастап басшы және оның орынбасарлары жауап береді. Бұл тек мемлекеттік органдардың жұмысына қатысты өзгеріс, – деді спикер.

Ол елде азаматтардың осы тақырыпқа жиі назар аударып келе жатқанын айтты. Нәтиже ретінде, киберқауіпсіздік бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында Advancing индексінде 1 орынға шыққанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы