«Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан – 2020» оқу-жаттығуы өткізілді

20 Желтоқсан 2020, 14:21
1878
Бөлісу:
«Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан – 2020» оқу-жаттығуы өткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  ҰҚК ЦДИАӨМ-мен бірлесіп «Қазақстан киберқалқаны» техникалық жүйелерінің тиімділігін тексеруге, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына ден қоюға әзірлік деңгейін айқындауға бағытталған «Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан – 2020» оқу-жаттығуын өткізді.

Осылайша, «Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан – 2020» оқу-жаттығуының нәтижелері бойынша еліміздің цифрлық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына қатысты ақпараттық және кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл бойынша өңір ауқымында бірегей тәжірибе алынды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі проблемалық мәселелер анықталды.

Мемлекеттік органдардың инфрақұрылымына және АКИАМО-ға кибершабуылдарды тергеп-тексеру шеңберінде жедел штаб өрістетіліп, тиісті топтар құрылды, олар шартты бұзушыларды іздестіруге және киберқылмыстардың дәлелдеме базасын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізді, - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Заңға қайшы әрекеттердің іздерін анықтаумен екі «кибержиһадшыны» ұстау бойынша іс-шаралар жүргізілді. БАҚ-та материалдар мен оқу бейнефильмін дайындау үшін ұстау, тінту, заттай дәлелдемелерді жинау және шартты бұзушылардан жауап алу барысы фото, бейне-тіркеумен сүйемелденді.






Өзгелердің жаңалығы