Кибербуллинг. Қандай да бір сөз бостандығын шектеу деп әсірелеудің керегі жоқ – Майгельдинов

21 Сәуір 2022, 17:04
3091
Бөлісу:
Кибербуллинг. Қандай да бір сөз бостандығын шектеу деп әсірелеудің керегі жоқ – Майгельдинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл пікірді  «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы Қазбек Майгельдинов айтты.

Журналистер кері ақпарат  беруге мүдделі емес. Олар керісінше, еліміздегі заңдандыру мәселелеріне ден қояды. Сондықтан БАҚ өкілдері қорықпау керек деп ойлаймын. Заң сырт елдердегі кері топтардың әрекетіне қарсы жүргізіледі, - деді ол.

Сондай-ақ Қазбек Майгельдинов кибербуллинг заңнамасына қатысты өзгерісті түсіндірді.

Бүгінгі таңда цифрлық қоғамда өмір сүріп жатқаннан кейін, әлеуметтік желідегі балалар арасында тек кибербуллингтен емес, басқа да теріс бағыттар белең алып келе жатыр. Жалпы, заңды қарастыру барысында әлеуметтік желілерді бұғаттау мәселесі қаралған болатын. Алайда, бұл заңға Сенат өз ұсыныстарын айтты. Белгілі болғандай, әлеуметтік желідегі контент тек қана балаларға қатысты болса ғана Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аясында құрылған жұмыс тобы ол мәселені қарастыратын болады, - деді ол.

Оның айтуынша, мұндай бағыттағы іс-шаралар қажет.

Өйткені суицид бойынша еліміз алдыңғы қатарда келеді. Оның бірден-бір себебі– әлеуметтік желідегі әлімжеттіктің белең алғаны. Себебі қазір гаджет кез келген жасөспірімнің қолында бар дүние. Олардың қандай да бір ақпаратқа қол жеткізуі мүмкіндігі бар. Оның ішінде өздеріңіз білетіндей, «Синий кит » деген болды. Әртүрлі кері бағыттағы топтар құрылуы мүмкін. Бұл заңды алдын алу шарасы деп қарастыруға болады, - деді саясаттанушы. 

Өзгелердің жаңалығы