Kia Өзбекстанда құрастырылады

13 Қыркүйек 2020, 23:04
1940
Бөлісу:
Kia Өзбекстанда құрастырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жизақ еркін экономикалық аумағында Seltos пен К5 шығаратын кәсіпорын салынады, деп жазады kolesa.kz.

Нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Kia баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір мұнда екі конвейерді монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Kia Seltos және Kia K5 модельдері қарашадан бастап шығарылады деп жоспарлануда.

Бастапқы кезеңде Жизақтағы зауыт SKD машина жинақтарынан жылына 25 мың автокөлік құрастырмақ. Болашақта шанақ дәнекерлеумен және бояумен айналысатын цехтар іске қосылғанда кәсіпорынның қуаты 100 мың машина шығаруға жетеді.

Көрші елде құрастырылған темір тұлпарларды сатумен АВТОВАЗ-дың ресми дилері болып саналатын Roodell компаниясы айналысады.

Өзгелердің жаңалығы