Kia бренді Қазақстандағы серіктестерін өзгертті

17 Қаңтар 2021, 03:20
1910
Бөлісу:
Kia бренді Қазақстандағы серіктестерін өзгертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кореялық компания серіктестері мен сатушыларын ауыстыру жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды kolesa.kz.

Kia өнімдерін сатумен енді Allur Motor Qazaqstan айналысады. Дилерлік желі де өзгеріп, ірі торапты өндіріс Қостанайдағы «Сарыарқаавтопромға» өтеді.

Өткен жылы біздің елде 6 мың Kia сатылды, ал Hyundai-дің 18 мың данасы иесін тапқан. Ресей нарығында керісінше, Hyundai-дің жағдайы мәз емес.

Биыл компания топтамадағы машина санын тоғызға дейін (Picanto, Rio, Rio X, Cerato, K5, Seltos, Soul, Sportage, Sorento) көбейтіп, 8 мың автокөлік сатуды жоспарлап отыр. 2022 жылы Stinger, K900 және Carnival аталатын үш модель жарық көреді.

Жаңа дистрибьютор Kia көліктеріне кепілдік беру және қызмет көрсетуді 2021 жылы 1 наурызда бастайды.


Өзгелердің жаңалығы