КХДР-дің ядролық сынақтары шамамен 1400 жер сілкінісін туғызған

Ғалымдар 2008–2025 жылдары Пунгери полигоны маңынан 1399 шағын жер сілкінісін анықтаған.

 DW 20 Қыркүйек 2026, 10:17
20 Қыркүйек 2026, 10:17
136
Фото: DW

Солтүстік Кореяның жерасты ядролық сынақтары жарылыстардан кейін бірнеше жыл өтсе де, Пунгери полигоны орналасқан аймақтағы сейсмикалық белсенділікке әсер еткен. Ғалымдар осындай қорытындыға Science журналында жарияланған зерттеуде келген.

Зерттеушілер 2008–2025 жылдар аралығында Қытай мен Оңтүстік Кореядағы сейсмостанциялардың мәліметтерін зерттеп, ядролық сынақтар жүргізілген Мантап тауы маңында 1399 шағын жер сілкінісін анықтаған.

2006–2017 жылдар аралығында КХДР Пунгери полигонында алты ядролық сынақ өткізді. 2017 жылғы қыркүйекте болған соңғы жарылыс ең қуаттысы саналады. Оның қуаты 100–250 килотонна аралығында бағаланып, одан магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі болған.

Ғалымдар сынақтар тоқтағаннан кейін сейсмикалық белсенділік біртіндеп төмендейді деп күткен. Алайда соңғы жарылыстан шамамен үш апта өткен соң жерасты дүмпулерінің саны көбейіп, жер сілкіністерінің күші де арта бастаған.

Зерттеушілердің пікірінше, жарылыстар жер қыртысындағы бұрыннан бар жарықтарды күшейтіп, бұған дейін тыныш жатқан жарылымдардың бөліктерін қозғалысқа келтіруі мүмкін.

Компьютерлік модельдеу де Мантап тауының геологиялық құрылымы рөл атқарғанын көрсетті. Жарылыстардан кейін тау жыныстарындағы кернеу біртіндеп босап, жаңа жер сілкіністерінің пайда болуына себеп болуы ықтимал.

Наверх