Хаменова Атыраудағы ауруханада коронавирус жұқтырған дәрігерлер туралы айтты

Хаменова Атыраудағы ауруханада коронавирус жұқтырған дәрігерлер туралы айтты
5773

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысының әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова облыстық ауруханада шыққан шуға байланысты онлайн-брифингте жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімшесінде жатқан коронавирусқа шалдыққан жүкті әйелден екі пациент пен екі медицина қызметкерінің ауру жұқтырғаны белгілі болғаннан кейін стационар жұмысына шектеу қойылған еді.  Бірнеше бөлімшенің қызметкері карантинге алынғанымен, облыстық ауруханаға карантин енгізілгені туралы ресми хабарлама болмады деген шу көтерілген. Осыған облыс әкімінің орынбасары жауап берді.

Ең бірінші дәрігерлерімізге жағдай жасау керек. Кеткен кемшіліктер үшін кешірім сұраймыз. Бұл жердегі басты мәселе - 30 наурызда облыстық ауруханаға түскен науқастан індет дәрігерлерге жұға бастады.Сосын бас санитардың қаулысына сәйкес ол жер карантинге жабылды. Әрине, ескерілмей қалған кемшіліктер бар. Қаулыда дәрігерлерімізді оқшаулау мәселесі көрсетілді. Міндет - облыстық аурухананың бас дәрігеріне жүктелді. Талаптардың барлығы орындалды. Бірақ науқас саны азаймады. Күннен-күнге тола берді, 10 күнде 18 адам жұқтырды. Сондай індеті ошағынан шыққан дәрігерлерді жақсы жерге жатқызу біздің міндетіміз еді, кемшілік осы жерден кетті. Мүмкіншілігіміз шектеулі, сондықтан бізге де көмек керек. Дегенмен,қызметтік тексеріс жүргізілетінін айта кетейін, оның қорытындысын сосын хабарлаймыз. Қазіргі кезде жағдай тұрақты, - дейді Бақытгүл Хаменова.

Ал Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизовтың айтуынша, облыста қазіргі кезде стационарда 60 науқас емделіп жатыр.

Бүгін коронавирус жұқтырған екі науқасымыз жазылып шықты. Олар отбасына оралды.Ал қалған инфекционарлық станционарда 60 науқас бар. Оның ішінде біреуінің жағдайы ауыр, тағы біреуі орташа. Өзге науқастардың жағдайы қалыпты деңгейде. Жалпы, өңірімізде осы індеттің алдын алу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырып жатырмыз. Карантинді адамдарды жатқызу үшін кәсіпкерлерден қонақ үйлерді сұрастырудамыз. Ең бастысы, үйде болып карантин талаптарын сақтаңыздар, - деді Байтолла Ғазизов.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы