Халықаралық қауымдастықтар Орталық Азияда COVID-19-ға қарсы күресті күшейтті

9 Қазан 2020, 16:35
1238
Бөлісу:
Халықаралық қауымдастықтар Орталық Азияда COVID-19-ға қарсы күресті күшейтті

Алматы, BAQ.KZ. Канада, Қызыл крест және Жарты ай халықаралық федерациясы Орталық Азияда коронавирусқа қарсы күресте күш біріктіріп жатыр. 

Канада Қызыл крест және Жарты ай халықаралық федерациясына 750 000 канадалық доллар көлемінде грант бөлді. Бұл қаражат Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы осал топтарды қолдауға бағытталған. 

Коронавирус пандемиясы әлем бойынша халықтың ең осал топтарына ауыр тигені белгілі. Әсіресе кедейшілікте күн көріп отырған әйелдерге, мүмкіндігі шектеулі жандар мен мигранттарға оңай болмады. Канаданың қолдауымен Қызыл крест және Жарты ай халықаралық федерациясы мұндай жандарға әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсетуде. Оған қоса қиындыққа тап болған адамдармен жұмыс істеп жатқандар мен волонтерлер арасында тренингтер өткізіп жатыр. Сондай-ақ, коронавирустың қауіптілігі мен одан қорғануға бағытталған ақпараттық бағдарламаларды жүргізуде. 

Канаданың қолдауы ұлттық бірлестіктердің дер кезінде шара қолдануына септігін тигізді. Аймақ бойынша осындай қолдауға деген қажеттілік өсіп келеді, - дейді аталған федерацияның Орталық Азиядағы аймақтық кеңсесінің басшысы Баярма Лунтан.
Өзгелердің жаңалығы