Халық жинаған қаржыға Күршімге 20 аппарат жеткізілді

25 Шілде 2020, 05:45
1557
Бөлісу:
Халық жинаған қаржыға Күршімге 20 аппарат жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен аптада Күршім ауданының тұрғындары, жомарт жандар мен кәсіпкерлер арнайы шотқа 8 млн теңгедей қаржы жинаған еді. Мақсат – коронавирус пандемиясы кезінде аудан ауруханаларына аса қажетті аппарат, киім және дәрі-дәрмек алу.

Аталмыш қаржының 5 млн теңгесіне 20 дана оттегі концентраторы және одан бөлек 10 дана пульсоксиметр аппаратары алынды. Күршім ауданына жеткізілген оттегі концентраторының 8-і Күршім аудандық ауруханасына, 4-еуі Марқакөлге, 2-еуі Күршім шекарашылар ауруханасына, қалған 6 аппарат Бурабай, Сарыөлең, Қалғұты, Маралды, Төсқайың, Қалжыр ауылдарына жөнелтілмек.

Міне, алынған кислородный концентратор мен 10 дана пульсоксиметрдің чегін ұсынып отырмыз. Біздің ауданда 2 аурухана (Күршім, Марқакөл), 7 амбулатория бар, атап айтқанда Бурабай, Сарыөлең, Қалғұты, Маралды, Боран, Төсқайың, Қалжыр. Боран ауылының тұрғындары өздері жиналып, аппарат алыпты. 6 аппаратты осы қалған 6 ауылдарға жіберсек деп отырмыз, 2 данасын Күршім шекарашыларының госпиталіне, Марқакөл ауылына 4 дана, Күршім ауруханасына 8 дана бөлінсе деп отырмыз, - дейді акцияны ұйымдастырушылардың бірі Ерназ Аймұханбетов. 


Өзгелердің жаңалығы