Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 1 шілдеден бастап күшіне енген халал стандарттары 5 стандарттан тұрады. Бірақ олар "пакеттік сипаттамаға" ие, яғни бір бірімен өзара байланысты және барлығы бірге қолданылуға тиіс. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.
ҚР СТ 3485-2019 "Халал өнімдері. Сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі" стандарты. Ол халал өнімдерінің өндірісі жөніндегі кәсіпорындарға, оны өндіруге байланысты процестерге және халал қоғамдық тамақтандыру саласындағы көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруға қолданылады. Сәйкестікті растау рәсімдерін тек сәйкестікті растау жөніндегі органдар және халал өнімдерінің сәйкестігін растау саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) жүргізеді. Сәйкестікті растау жөніндегі орган сертификат беру туралы шешімді қабылдайды, сәйкестік сертификатын ресімдейді және оны берілген сертификаттар тізіліміне тіркейді, - деді ол.
Министр егер өнім халал стандартына сәйкес келсе, онда ол арнайы белгі – логотиппен белгіленетінін айтты.
Оның нысаны ҚР СТ 3484-2019 "Халал өнімдерінің ұлттық сәйкестік белгісі. Техникалық талаптар және таңбалау тәртібі" стандартында белгіленген. Халал "пакеттік стандарттар" бестігіне "халал" деп аталатын қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жұмыс стандарты – ҚР СТ 3454-2019 "Халал қоғамдық тамақтандыру қызметі. Жалпы талаптар" кіреді.Ең бастысы – мұнда дәмхана, мейрамхана және асханаларда тек халал өнімдері үшін көрсетілетін қызметтер қамтамасыз етілуге тиіс. Яғни барлық пайдаланылатын өнімдер ҚР СТ 3483-2019 "Халал өнімдері. Негізгі ережелер" талаптарына сәйкес келуге тиіс, ал өнім берушінің ҚР СТ 3485-2019 "Халал өнімдері. Сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі" сәйкес Халал өнімдеріне арналған сертификаты болуға тиіс. Бұл ретте Халал өнімдерді халал емес өнімдерден жеке сақтау жөніндегі қағида (оның ішінде жеткізу процесінде) айқын сақталуға тиіс, - деді Бақыт Сұлтанов.
Сондай-ақ, министр мекемелерде намазхана қарастырылуы керегін айтты.
Жақын арада атауында "халал" сөзі бар біздің барлық қоғамдық тамақтану мекемелері барлық талаптарға толықтай сәйкес келеді деп сенемін. Барлық "Халал" стандарттар біздің шетел әріптестерімізбен тығыз ынтымақтастықта және Ислам ынтымақтастығы ұйымының, Ислам елдерінің Стандарттар және метрология институтының стандарттарының, MS (Малайзия) стандарттарының талаптарын, CODEX ALIMENTARIUS Комиссиясы ұсынымдарын және т.б есепке ала отырып әзірленгендігін тағы да атап өткім келеді, - деді ол.