ҚХА активі астана атауы өзгертілуін қолдауға арналған үндеу қабылдады

26 Наурыз 2019, 22:14
1879
Бөлісу:
ҚХА активі астана атауы өзгертілуін қолдауға арналған үндеу қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында   Қазақстан халқы Ассамблеясы активінің астананың атауы өзгертілуін қолдауға арналған жиналысы өтті.

Оның жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми-сарапшылық кеңестің, қоғамдық келісім кеңесінің, аналар кеңесінің,   «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері қатысты.

Жансейіт Түймебаев астанаға Қазақстанның Тұңғыш   Президентінің есімі берілуі – Елбасының тәуелсіз Қазақстанды құрудағы орасан зор еңбегін мойындап, тану екендігін атап көрсетті. Ол қазіргі заманғы Қазақстанның қалыптасуындағы Елбасының рөліне, оның өтпелі кезеңнің қиындықтарын еңсерудегі және ел дамуына серпін берген жаңа астананы салудағы еңбегіне ерекше тоқталып өтті.   

Кездесуге қатысушылар астананың атауы Нұр-Сұлтан болып өзгеруі туралы шешімді мақұлдады. ҚХА кафедралары қауымдастығының төрағасы Анатолий Башмаков еліміздің бас қаласына Елбасының есімі берілуі заңды қадам екендігін айтты.   Ол елдің әр этносының өкілі өз жанына жағатын көше, орамдар, сәулет құрылыстарын таба алатын астананы ассамблеяның өзімен салыстырды. Өз сөзінің дәлелі ретінде ол Қытайдан келген қонақтар Пекин-паласты көргенде қуанатынын, ал Еуропадан келген туристер Вена, Милан және Париж орамдарының сәулетіне сүйсінетінін мысалға келтірді.  

«Қазақстан астанасы – біздің мақтанышымыз, ол бізді біріктіріп, берік топтастырды. Ол оған Тұңғыш Президенттің есімі берілуін – Қазақстан дамуының келесі шырқауын көрсететін маңызды да жауапты қадам», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Салжанов Исламбек.

«Қазақстан татарлары мен башқұрттарының конгресі» РҚБ төрағасы Тауфик Каримов Елбасының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін жасаудағы ерекше рөлін атап өтті. Реформаларды табысты іске асыру мен Қазақстан тәуелсіздігін нығайтудың шарты да тап сол болды. Біз үшін      Тұңғыш Президент – дамудың және елдің қарқынды алға басуының кепілі, - деді өз сөзінде Тауфик Каримов.

«Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық ҚБ Астана филиалының төрағасы Аскер Пириев шет елдерде Қазақстан десе Астана мен Назарбаев ұғымдары қатар жүретінінен мысалдар келдірді. Шетелдіктер үшін бұл сөздер ажырағысыз болып табылады. Сондықтан астанаға оның негізін қалаушының есімі берілуі Қазақстан имиджі үшін оң жағдай болады деген пікірін айта кетті.

Сондай-ақ, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының мүшесі Юсуп Келигов, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хазар» әзербайжан ҚБ мен «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының басшылары Видади Агаев и Рафик Валиев Астана мен оны Еуразия орталығына көшірудің бастамашысы туралы жылы лебіздерін білдірді.

Кездесу соңында астана атауы өзгертілуін қолдауға арналған ҚХА-ның үндеуі қабылданып, оны жиналғандарға «Жарасым» жастар ұйымы» республикалық ҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев оқып берді.

Іс-шара барысында қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған ел астанасына арналған кітаптар экспозициясымен танысты.

Өзгелердің жаңалығы