ХҚО-ның онлайн қызметін жетілдіре түсудеміз – министр

31 Наурыз 2020, 11:17
1048
Бөлісу:
ХҚО-ның онлайн қызметін жетілдіре түсудеміз – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев еліміздегі Халыққа қызмет көрсеті орталықтарының онлайн қызыметі жетілдіріліп жатқанын айтты.  Министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бүгінгі күнге дейін қашықтан ЭЦҚ алғандар саны 20 мыңға жуықтағанын жазды.

Біз өткен аптада  ХҚКО-ға бармай-ақ, үйде отырып ЭЦҚ алу мүмкіндігін іске қостық. Бүгінгі күнге қашықтан алынған ЭЦҚ саны 20 мыңға жуықтапты. Бұл сервисті әлі де жетілдіре түсудеміз. Әріптестерім ЭЦҚ-ға өтінімді мобильді қосымша арқылы беру және заңды тұлғалардың қашықтан ЭЦҚ алуы мүмкіндіктерін қарастыруда. Бүгін онлайн-қызметтердің статистикасын көрдім. ХҚКО жабылғалы бері 750 000-нан астам қызмет онлайн тәртіпте алыныпты. Сіздерге көп рахмет! Менің әріптестерім eGov-тағы барлық сервистердің тұрақты жұмыс істеуін бақылауында ұстайды және сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды да назардан тыс қалдырмайды. Сонымен қатар әзірлеушілер жаңа тапсырмаларды жүзеге асырумен айналысуда. Өткен түнде тағы бірнеше қызмет іске қосылды, соның ішінде ТЖ кезінде жәрдемақы алуға өтінім беру қызметі бар, – деді министр. 

Оның айтуынша туындаған проблемаларды жедел жою мақсатында арнайы топ жасақталған. Оған eGov-та өз қызметін ұсынып отырған мемлекеттік органдардың  өкілдері енгізілген. 
Сондықтан қызмет алу барысында қандай да бір қиындықтар туындаса, 1414 call-орталығына хабарласыңыз. Әрине, кейде қоңырауыңызға жауапты ұзақ күтуге тура келеді, оны түсінемін. Себебі, кей күндері аталған орталыққа 500 мыңнан аса қоңырау келіп түседі. Бұл орталық үшін рекордтық көрсеткіш. Сіздердің уақыттарыңызды үнемдеу мақсатында біз ХҚКО-ның 1800 қызметкерін осы жұмысқа қосымша тарттық. Олар қызметтерді онлайн алуға көмектеседі. Осы орайда, Сіздерден 1414 кол-орталығына тек мемлекеттік қызметтерді және ЭЦҚ алу мәселелері бойынша қоңырау шалуыңызды сұраймын. Өйткені, "Көрші үйде инфекция жұқтырғандармен байланыста болғандар бар ма?", "Маған  көшеге шығуға бола ма?", "Баға неге қымбаттап кетті?" - деген  сұрақтар операторлардың ойын  бөліп,  кезек күткен азаматтардың уақытын алады, – деп жазды. 

Сондай-ақ министр ТЖ жариялаған кезде өз жұмыстарын жалғастырып, қазір азаматтарға онлайн қызмет алуға көмектесіп жатқан ХҚКО және 1414 call-орталығының қызметкерлеріне алғысын жеткізді. 
Өзгелердің жаңалығы