КФ Маңғыстау кәсіпорындарында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуді ұсынды

22 Қаңтар 2023, 11:15
1080
Бөлісу:
КФ Маңғыстау кәсіпорындарында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуді ұсынды

ҚР КФ Маңғыстау кәсіпорындарында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін алдын алу шараларын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

КФ медиаорталығының хабарлауынша, Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов бастаған делегация құрамында Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды. Өңірге сапар барысында әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері қаралды.

Маңғыстау облысында қабылданған 2022-2025 жылдарға арналған жоспарға сәйкес 84 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, 4,3 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. 15 жоба аясында қазірдің өзінде 600-ден астам адам жұмысқа орналастырылды. Биыл 1200 жаңа жұмыс орны ашылады.

Кәсіподақтар федерациясының мәліметі бойынша, 2022 жылы елімізде тіркелген 85 еңбек дауының 35-і Маңғыстау облысында болған, еңбек дауларының басым бөлігі кәсіподақ ұйымдары жоқ кәсіпорындарда болған. 

Отырыс барысында ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин атап өткендей, даулардың негізгі «қозғаушы күштері»: жалақының төмендігі, еңбек жағдайының нашарлауы, жұмыскерлердің құқықтарының бұзылуы және жұмыс берушілердің жұмыскерлермен диалогқа барғысы келмеуі болды.

Кәсіподақтар федерациясы кәсіпорындарда кәсіподақтардың болмауына немесе болуына қарамастан, еңбек дауларын шешу бойынша барлық келіссөздер үдерістеріне қатысты. Кәсіподақтардың қатысуы сындарлы келіссөздерге, даулардың ұзақтығын қысқартуға және ертерек келісімге келуге әкелді. Кәсіподақ белсенділері атап өткендей, мәселе – басым көпшілігінде экономикалық, психологиялық тұрғыдан да әлеуметтік диалогқа жұмыс беруші тараптың дайын еместігінде, – деп атап өтті Сатыбалды Дәулеталин.

Сатыбалды Дәулеталиннің айтуынша, мұнайлы өлке ретінде Маңғыстау облысының ерекшелігі мұнай өндіруші және оларға қызмет көрсететін сервистік компаниялар арасындағы, Бірыңғай еңбекке ақы төлеу жүйесі (БЕТЖ) қолданылатын  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес ұйымдары мен БЕТЖ қолданылмайтын жеке компаниялар арасындағы еңбекақы төлеу жүйесінің біркелкі болмауы.

Қалыптасқан жағдайды негізге ала отырып, Кәсіподақтар федерациясының төрағасы әлеуметтік әріптестіктердің бірлескен іс-әрекеті үшін бірқатар алдын алу шараларын ұсынды.

Экономикада өнімді тұрақты жұмыс орындарын жаппай құру және жұмыс күшіне жаппай сұраныс, еңбек және өндірістік қатынастарды жақсарту; сот жүйесінде еңбек қатынастары мәселелері бойынша судьялардың құзыретін арттыру, жоғары тұрған соттарда еңбек даулары бойынша алқалар құру; мемлекеттік басқаруда: қоғамдық бақылау тетіктерін күшейту, мемлекеттік еңбек инспекциясының өкілеттіктері мен санын кеңейту бөлігінде барлық деңгейдегі кәсіподақтарды мемлекеттік қолдау; заңнамалық реттеуде: өндірістік демократияны кеңейту, жұмыскерлердің кәсіпорынды басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыру, - деп атап өтті Сатыбалды Дәулеталин. 

Сонымен қатар федерация келісу рәсімдеріне қатысудан және келіссөздер барысында қол жеткізілген келісімді орындаудан жалтарғаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін енгізу, сондай-ақ адал жұмыс берушілердің тізілімін қалыптастыру қажет деп санайды.

Өзгелердің жаңалығы