АҚШ-та көпшілікке оқ жаудырмақ болған 19 жастағы жігіт ұсталды 

6 Тамыз 2019, 14:05
1469
Бөлісу:
АҚШ-та көпшілікке оқ жаудырмақ болған 19 жастағы жігіт ұсталды 

Алматы, BAQ.KZ. Адамдарға қарай оқ атпақ болған Техас тұрғынын апасы тоқтатты. Бұл туралы ABC хабарлады.

Уильям Патрик Уильямс жергілікті қонақүйде адамдарға қарсы оқ атпақ болған. Бұл жайында ол өзінің апасына айтқан. Сонымен қатар, ол адамдарды атқан соң полицияға қоңырау шалып өзін өлтіруді талап ететінін жеткізген.

Немересінің адам шошырлық пиғылын білген апасы оған дәрігерлер көмегіне жүгінуге кеңес беріп, полицияға хабарлаған.

Полиция  кейін жас жігітті қару-жарақ дүкенінде сауда жасағанда қажетті құжаттарға жалған мәлімет көрсеткені үшін қамауға алған. Тәртіп сақшылары сондай-ақ Уильямс брондап қойған қонақүйдегі бөлмеге тексеріс жүргізіп, ол жерден АК-47 автоматын және оққа толы 17 магазин тапқан. Сонымен қатар қара киім мен пышақ табылған.

Жас жігіт 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы