Кешеннің қазығы қағылды 

14 Ақпан 2023, 11:21
691
Бөлісу:
Кешеннің қазығы қағылды 
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысында мал бордақылауға арналған кешеннің қазығы қағылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар ауылдық округіндегі 40 мың бас ірі қара малды бордақылауға арналған кешен салынады. Жер көлемі  400 гектарды құрайтын кешенде әрбір 50-100 малды бордақылауға 0,12 гектар бөлінеді. Екі кезең бойынша жүзеге асырылатын жоба 2023-2024 жылға жоспарланған. Бірінші кезеңде 11 650 мал бордақылау кешені іске қосылса,  екінші кезеңде бұл көрсеткіш 28 350 басқа ұлғайтылады. Нәтижесінде 800 адам жұмыспен қамтылады. 

Сондай-ақ әкімшілік кеңсе, асхана, мал дәрігерлік бекеті, мал союға арналған заманауи нысандар, мал азығын сақтау қоймалары және тағы басқа нысандар инвесторлар есебінен бой көтереді. Ал,  инфрақұрылым жүйесі бюджет есебінен жүргізіледі.

Әсел Әбілбек

Өзгелердің жаңалығы