Кеше Астанаға 5040 тонна көмір жеткізілді

16 Қаңтар 2019, 14:59
1950
Бөлісу:
Кеше Астанаға 5040 тонна көмір жеткізілді

Астана, BAQ.KZ. 15 қаңтардағы жағдайға сәйкес елордадағы қатты отынның жалпы қоры 12 896,13 тоннаны құрайды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

15 қаңтарда елордаға 5040 тонна көмір әкелінген. Оның 140 тоннасы – «Богатырь көмір», 4550 тоннасы – «Майкөбе», 350 тоннасы – «Қаражыра» көмірі. Астанадағы көмір бағасы төмендегідей:

«Шұбаркөл» тоннасы – 11300 теңге,

«Қаражыра» тоннасы – 13 200 теңге,

«Майкөбе» тоннасы – 12 000 теңге,

«Богатырь көмірі» тоннасы – 9000 теңге,

«Кузнецкий» тоннасы – 12250 теңге.

Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды. 2018 жылдың 1 тамызынан 2019 жылдың 3 қаңтарына дейін Астанаға жеткізілген көмірдің жалпы көлемі 339,5 мың тоннаны құрайды. Қазіргі таңда қалада көмірге қатысты жағдай тұрақты, проблемалы мәселе жоқ. Нарықтағы көмірге қатысты жағдайды Астана қаласының әкімдігі күн сайын мониторингтен өткізіп, өзінің тұрақты бақылауына алған. iКомек орталығының базасында тұрғындар үшін арнайы жедел желі жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы