“Кепілдік берем”. Вице-премьер енді жылуға қатысты мәселе туындамайтынын айтты

12 Желтоқсан 2023, 17:56
1212
Бөлісу:
“Кепілдік берем”. Вице-премьер енді жылуға қатысты мәселе туындамайтынын айтты
Фото: Үкімет

Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр ел тұрғындарының биыл қыста жылусыз қалмайтынын айтып, кепілдік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-премьер жылу электр стансалары мен желілердің сапасына тек өзі және Энергетика министрі емес, бірінші кезекте сол кәсіпорындардың басшылары жауапты екенін айтты.

Мен кепілдік беремін. Сол Екібастұз ЖЭО және мен өзім көптеген БАҚ-тан сондай коммуналдық апаттар болып жатқанын оқимын. Ештеңе болған жоқ, жауапты адам ретінде айтамын. Екі цехтың бірінен су кетті, алайда станцияның қоры болды. Жабдықтар жұмыс істеп тұрды. Қазандықтар санаулы минуттың ішінде іске қосылды. Өткен жылыту маусымымен салыстырғанда өнімділік коэффициенті өсті. Егер бұрын орталық 35 гигокалория берсе, 100 гигокалория береді. Сондықтан мен мұны сенімді түрде айтып тұрмын, - деді Роман Скляр.

Еске салсақ, 10 желтоқсанға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да күл құбырында ақау анықталды. Салдарынан су жылыту цехының қазандығы уақытша мазутпен жұмыс істеуге мәжбүр болды.

Кеше ЖЭО-да қатты отынмен жұмыс істейтін қазандықтардың жұмысы толығымен қалпына келтірілді.

Өзгелердің жаңалығы