Кентаудағы Қазпоштада шыққан өрт сөндірілді – ТЖМ

6 Желтоқсан 2020, 12:48
1463
Бөлісу:
Кентаудағы Қазпоштада шыққан өрт сөндірілді – ТЖМ
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының өрт сөндірушілері Кентау қаласындағы Қазпошта бөлімшесінде шыққан өртті сөндірді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылы 5 желтоқсанда сағат 22:58-де 101 пультіне Кентау қаласында үш қабатты  тұрғын үйге жапсарлас салынған «Казпочта» АҚ кеңсесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. 

ортан1.jpeg

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткен бойда, қоймада қағаз жанып жатқаны анықталды. Өрттің көлемі 30 шаршы метр. Өрт  сағат 23:20-да оқшауланып, 23:30-да өрт толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда. 

Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД 14 қызметкер және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.


Өзгелердің жаңалығы