Кеңседе 20 жыл бойы жұмыс істеп келген қызметкердің түр-әлпеті қандай болады?

25 Қазан 2019, 10:03
2911
Бөлісу:
Кеңседе 20 жыл бойы жұмыс істеп келген қызметкердің түр-әлпеті қандай болады?
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания ғалымдары кеңсе қызметкерлерінің ұзақ уақыт бойы отырып жұмыс істеуі салдарынан олардың денсаулығы жағдайы 20 жылдан кейін қалай сыр беретінін көрсетті. Олар фигурасы балауыздан жасалған Эмма есімді әйелді мысал ретінде жасап шығарды.

Metro сайтының хабарлауынша, зерттеушілер 3 мыңға жуық кеңсе қызметкерлері арасында сауалнама жүргізді. Қызметкерлерден олардың денсаулық жағдайы туралы сауалдар қойылып, қызметкерлердің қандай ауруларға жиі шағымданатыны анықталды. 

Сауалнамаға қатысқан қызметшілердің жартысы - көз ауруларына шағымданса, 49%-ы - омыртқа ауруларына, ал 48%-ы - бас ауруларына жиі шалдығатынын айтты.

Кеңседе отырып, қозғалыссыз істейтін жұмыстың қауіптілігін көрнекі етіп көрсету мақсатында ғалымдар сарапшы Уильям Хайэмнің басшылығымен кеңсе қызметкерінің моделін жасап шығарды. 

photo_297260.jpg

Олардың пікірінше, кеңседе 20 жыл бойы жұмыс істеген адамның түр-әлпеті осындай болады. Балауыздан жасалған Эмма есімді әйелдің түріне қарасақ, жұмыс барысында дұрыс отырмауы салдарынан арқасы бүкірейіп, дене мүсінің бұзылғанын, үздіксіз компьютермен жұмыс істей бергеннен көздері қызарып, аяқтарындағы көктамырдың варикозды кеңеюін байқауға болады. Күнделікті жасанды жарықты қосып қойып, сыртқа көп шықпағандықтан моделдің терісі бозарып кеткен, ал мұрыны мен құлақтарының ішін түк басқан. Бұның бәрі кеңседе таза ауаның болмауынан. 


Зерттеу жүргізген сарапшы Уильям Хайэмнің айтуынша, ол осындай бастаманы қолға алып, кеңсе қызметкерлерінің денсаулық жағдайына назар аудартқысы келген. 

"Жұмыс берушілер мен қызметкерлер жұмыс жағдайына байланысты денсаулықтың нашарлап кету проблемасын тезірек қолға алулары керек", - деп атап өтті ол. 

Өзгелердің жаңалығы