Кенни Рок Уилл Смитті бокс матчына шақырды

17 Сәуір 2022, 18:17
2189
Бөлісу:
Кенни Рок Уилл Смитті бокс матчына шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзілкеш Крис Роктың інісі актер Уилл Смитті бокс матчына шақырды. Осылайша, Кенни Рок «Оскар» сыйлығын беру рәсімінде ағасын шапалақпен ұрған актердан кек алғысы келеді. Бұл туралы TMZ хабарлайды. 

Крис Роктың інісі Celebrity Boxing-тің негізін қалаушы Дэймон Фельдманмен келісімшартқа отырды. Кенни актердың әрекетіне наразы және оған лайықты түрде жауап бергісі келеді. Кенни Рок бойдағы айырмашылық пен Мұхаммед Әли туралы фильмдегі Смиттің рөлінен қорықпайды, ол бокс матчында Уилл Смитті жеңе алатынына сенімді.

Еске сала кетейік, «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімінде Смит сахнаға шығып, алопециямен ауыратын әйелі туралы әзілі үшін жүргізуші Крис Рокты шапалақпен ұрып жіберген еді. 

Өзгелердің жаңалығы