Кенияда жатақхананы өртеді деген күдікпен мектеп оқушылары ұсталды

Құқық қорғау органдары өрттің қасақана қойылуы мүмкін деген нұсқаны қарастырып жатыр.

 pixabay.com Бүгiн 2026, 09:47
Бүгiн 2026, 09:47
110
Фото: pixabay.com

Кенияда Utumishi Girls Academy мектебінің 10 оқушысы жатақханада болған ірі өртке қатысты іс бойынша ұсталды. Апат салдарынан 16 оқушы қаза тапқан.

Kenyans басылымының хабарлауынша, тергеушілер өрттің қасақана қойылуы мүмкін деген нұсқаны қарастырып жатыр.

Өрт 28 мамырға қараған түні шыққан. Жалын ғимараттың жоғарғы қабатына тез тарап, сол жерде оқушылар болған.

Мәліметке сәйкес, кемінде 79 оқушы түрлі деңгейде жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Кейін зардап шеккендердің басым бөлігі ауруханадан шығарылды.

Тергеу аясында бірқатар оқушы жауап алу үшін уақытша мектеп аумағында оқшауланған. Сонымен қатар полиция ата-аналарымен бірге оқу орнынан кетіп қалған басқа да оқушыларды әңгімелесуге шақырған.

Наверх