Кенесары ханнан жеткен Құран Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне табысталды

4 Қаңтар 2024, 11:18
548
Бөлісу:
Кенесары ханнан жеткен Құран Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне табысталды
Фото: Автордың фейсбук парақшасынан

Кенесары ханнан жеткен Құран Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне табысталды. Бұл туралы Ерлан Қарин фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында әйгілі Марал Ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабының табылып, елімізге оралғанын сүйіншілеп жеткізген болатын. Жұртшылық халқымыздың соңғы ханы ұстаған киелі кітаптың Қазақстанға қайта оралуын жақсы ырымға балады. Президент тапсырмасына сәйкес, Құран кітапты шілде айында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына тапсырған едік. Өз кезегінде, Мүфтият оны Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына реставрация жұмыстарын жүргізу үшін берді, -дед ол.

Орталық қызметкерлері үш айға жуық ішінде Құранды қайта құрастырып шыққан.

Кенесары ханнан жеткен Құран Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне табысталды
Кенесары ханнан жеткен Құран Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне табысталды

Алдымен кітап азот камерасына салынып, оның парақтарында сақталған түрлі зиянкестерден залалсыздандырылды. Одан кейін фотофиксациядан өткізіліп, әрбір беті мұқият шаңнан тазартылды. Жыртылған парақтары қайта бүтінделіп, мұқабасын ретке келтіріп, жетіспейтін тұстарына былғары жапсырылды. Соңында Құран қайта түптелді. Барлық реставрация жұмыстары халықаралық стандарттарға сай, кітаптың парақтарына, түптеуіне максималды зиян келтірмейтін түрде жүргізілді. Құранның конструктивті элементтеріне өзгерістер енгізбей, түпнұсқаның бастапқы түптеу, тігу, тоқу тәсілдері қолданылды,-деп жазады Ерлан Қарин.

Ал Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Құранды Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне табыстаған. 

Өзгелердің жаңалығы