Кене шағып алса, не істеу керек?

25 Сәуір 2023, 10:50
1887
Бөлісу:
Кене шағып алса, не істеу керек?
Фото: vkocke.sk

ДСМ СЭБК Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас сарапшысы Арай Зекенова кене энцефалитінің алдын алу шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, республика аумағында кене энцефалитінің таралу кезеңі басталды. Қазақстандағы кене энцефалиті бойынша эндемикалық аумақтар Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары, Алматы қаласының маңы және соңғы жылдары – Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Кене энцефалиті – бұл инфекциялық, табиғи-ошақтық, вирустық ауру, негізінен орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, көбінесе ағымы ауыр және мүгедектік пен өлімге әкелуі мүмкін. Кене энцефалитінің инкубациялық кезеңі 3-тен 21-30 күнге дейін созылады, орташа – 7-10 күн. Негізгі берілу жолы – трансмиссивті, яғни иксод кенелерінің шағуы арқылы, бірақ қоздырғыш шикі ешкі (сиыр) сүті арқылы, сондай-ақ жұқтырған кенемен байланыста болған кезде терідегі (шырышты) шағын жарақаттар арқылы берілуі мүмкін. Аурудың қоздырғышы – кене энцефалитінің вирусы, - дейді маман.

Табиғи-климаттық жағдайларға байланысты республика аумағында кенелердің белсенділік маусымы наурыздан бастап маусымды қоса алғанда, республиканың шығысы мен солтүстігінде – тамызға дейін байқалады. Кене энцефалитімен сырқаттанушылықты тіркеу негізінен мамыр-маусым айларында болады, бұл тасымалдаушы санының ең көп өсуіне байланысты.

Арай Зекенова атап өткендей, кене энцефалитін жұқтыруды болдырмау үшін кене мекендейтін жерлерге барған кезде арнайы емес алдын алу шараларын және қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау қажет.

Бұл арнайы киім мен репелленттерді қолдану. Егер кәдімгі киім қолданылса, онда ол ашық түстерде болуы керек және дененің ашық жерлерін жабуы керек, бас киімді міндетті түрде қию қажет. Табиғаттағы серуеннен оралғанда гүл шоқтарында, сөмкелерде кенелердің бар-жоғын тексеру керек, - деп айтты ол кеңесін.

Кене энцефалитінің алдын алудың арнайы шараларына вакцинация жатады, ол бүгінгі күні жалғыз сенімді профилактикалық құрал болып отыр.

Қазақстанда жыл сайын өздерінің кәсіби қызметі кене энцефалитінің табиғи ошағының аумағында болумен байланысты тәуекел топтарына вакцинация жүргізіледі. Вакцинаны енгізуді күздің соңында бастау ұсынылады, бұл бірінші егу, екіншісі – бір айдан кейін, үшіншісі – бір жылдан кейін және одан кейінгі екпе – жыл сайын үш жыл бойы.

Кене шағып алғаннан кейін 1-3 күн ішінде белгіленген медициналық ұйымға жүгіну керек, онда зардап шеккендерге кенеге қарсы иммуноглобулинмен профилактикалық шұғыл емдеу жүргізіледі, ал қарсы көрсетілімдер болған жағдайда – кене энцефалитінің вирусын жұқтыруына кенені алдын ала зерттеу жүргізіледі. Препарат кене шағып алғаннан кейінгі алғашқы 3 күнде тиімді.

Егер медициналық көмекке жүгіну мүмкін болмаған жағдайда арнайы құрылғыларды (пинцет, жіптер) пайдаланып кенені өз бетінше алып тастау керек. Кене шаққан жерді дезинфекциялау құралымен емдеу керек.

Өзгелердің жаңалығы