"Кемсітіп, қорлағым келді". Бишімбаев Салтанатты неге видеоға түсіргенін айтты

24 Сәуір 2024, 15:39
2310
Бөлісу:
"Кемсітіп, қорлағым келді". Бишімбаев Салтанатты неге видеоға түсіргенін айтты
VIDEO
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Сотталушы экс-министр Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы неге видеоға түсуге мәжбүрлегенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан "Бейнеде сіз Нүкеновадан бір жігітпен интимді байланысқа түскені жайлы сұрап жатырсыз. Неге видеоға сол сұрақты қойып, мәжбүрлеп түсірдіңіз?" деп сұрады.

Сіздер де мені түсініңіздер. Сіздің әйеліңіз киімін шешіп тастаған, Vip-те жалаңаш жүрсе, сені балағаттаса, мас күйінде сыйлықтардың бәрін лақтырса, бұл - жақсы қарым-қатынас па?, - деп жауап берді Бишімбаев.

Адвокат басқа сұрақ қойғанын айтып, сұрағын тағы қайталады.

Мен де оны кемсітіп, қорлағым келді. Үйлену тойынан соң (еск - Нүкенованың бұрынғы қарым-қатынасы) өзі айтты. Сол кезде мен де өш алғым келді. 6 сағат бойы психологиялық тұрғыдан қинап, осындай жағдайға жеткізді, - деді Бишімбаев.

Бұған дейін тағы бір сотталушы Бақытжан Байжанов көріпкелдің сөзін жоққа шығарған еді. 

Өзгелердің жаңалығы