Кемелбек Ойшыбаев жаңа қызметке барды

11 Ақпан 2022, 21:40
1695
Бөлісу:
Кемелбек Ойшыбаев жаңа қызметке барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Кемелбек Ойшыбаев facebook - тегі парақшасында жазды.

Бүгін мені Қазақстанның Ұлттық медиа ассоциациясының басшылық қызметіне сайлады. Менің кандидатурамды ұсынған әріптестеріме жане барлық 100 пайыз дауыс беріп қолдаған ассоциациясының мүшелеріне алғысымды білдіремін. Республикалық телеарналар мен жарнамалық агенттіктерді біріктіретін медиа ассоциациясының алдында саламызға қатысты маңызды талаптар қойылған. Оның қатарында БАҚ-тардың мүддесін қорғау, медиа-өнімдердің халықтың тарапынан қабылдануын зерртеу, медиа-өлшем өткізу жұмыстарын ұйымдастыру, – деп жазды Кемелбек Ойшыбаев.

Ол сондай-ақ медиа ассоциациядағы қызмет жалақысыз болатынын да айтты.

Медиа ассоциациядағы қызметтің жалақысыз болатынына келістік, себебі менің басты талабым ол жұмысты өзімнің жеке шаруаммен қатар жүргізіп отыру мүмкіндігі болатын. Бастысы, мемлекеттік қызметтен кеткеніме қарамастан БАҚ саласының дамуына өз үлесімді әрі қарай қосып отыру мүмкіндігі болғаны. Барлық әріптестеріме тағыда алғысымды білдіре отырып, алдыма қойылған мақсаттарды орындауға бар күшімді салатынымды жеткізгім келеді, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы