"Келісе алмаймын". Депутат АЭС салу үшін неге батыс технологиясы керегін айтты

8 Қаңтар 2024, 17:31
2293
Бөлісу:
"Келісе алмаймын". Депутат АЭС салу үшін неге батыс технологиясы керегін айтты
Фото: Артём Чурсинов -архив

Елімізде салынатын АЭС құрылысына батыс технологиясы керек. Депутат Самат Нұртаза Ұлттық кітапханада өткен іс-шарада осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"XXI ғасырдағы Әділетті Қазақстан: жаңа жетістіктер мен даму перспективалары" атты отырыс алдында БАҚ өкілі депутатқа "Елімізге АЭС салуға 4-5 мемлекет үміткер. Халық арасында "Ресейге салдыртпау керек" деген пікір бар. Бұл туралы не ойлайсыз? деп сұрақ қойды.

Бұл - алып-қашпа пікір. Нақты ақпарат бар. Оны Ресей сала ма, Оңтүстік Корея қолға ала ма әлі ешкім білмейді. Басты мәселе - АЭС-ті салдыруға халық келісе ме, келіспей ме? Себебі, Фукусимо мен Чернобыль апатын жақсы білесіздер... Бізге энергетикалық дербестік керек. Біріншіден, біздің елдің өзендері, яғни энергия көзі шет мемлекеттерден келеді. Екіншіден, біз әлем бойынша уран өндіріснен бірінші орындамыз. Өз басым АЭС салуды қолдаймын. Бірақ көпшілікті тыңдауға тиіспіз. Алдағы уақытта референдум өтеді, - дейді Самат Нұртаза.

Депутат Ресейдің Қазақстанға АЭС салуына қатысты көзқарасын айтты.

Мен аса келісем деп айта алмаймын. Мәселе негізі Ресейде емес, мәселе кеңестік бұрынғы елдерде деп білемін. Мысалы бұған "Чернобыль трагедиясы" мысал деп ойлаймын. Сондықтан батыстың технологиялары керек деп есептеймін. Әрине, бүкіл стандарттарды қарастыруымыз керек, - дейді Мәжіліс депутаты.

Өзгелердің жаңалығы