Келесі жылы соңғы қоңырау 25 мамырға қайта ауыса ма?

1 Маусым 2023, 12:16
845
Бөлісу:
Келесі жылы соңғы қоңырау 25 мамырға қайта ауыса ма?
Фото: Артём Чурсинов аврхив

Келесі оқу жылында соңғы қоңырау дәстүр бойынша 25 мамырға қайта ауыса ма? Бұл сұраққа Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астана қаласындағы №8 мектеп-лицейінде өткен оқу жылының аяқталу салтанатына қатысты.

Сын болғаны дұрыс. Әркім өзінің пікірін айтуы да заңды дүние. Бірақ бір дүниенің басы ашық. Қазақта «шымшық сойса да, қасапшы сойсын» деген жақсы сөз бар. Сондықтан соңғы нүктені, соңғы сөзді сарапшылар айтуы керек. Жүйе жаңадан қосылғалы бері, жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр. Ол кеше ғана құрылған топ емес. Жүйенің қаншалықты тиімді екені, оның балалардың ыңғайлы жағы туралы үлкен зерттеулер жүргізіліп жатыр, - деді министр.

Бейсембаев жұмыс тобы зерттеуді аяқтап, қорытынды шешімін шығарған соң, сарапшылардың шешіміне байланысты өзінің пікірін білдіретінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы