Келесі жылы полиция қызметкерлерінің жалақысы өседі

4 Қараша 2020, 12:57
3158
Бөлісу:
Келесі жылы полиция қызметкерлерінің жалақысы өседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы үш жылда тәртіп сақшыларының жалақысын 30 пайызға арттыру көзделген. Президенттің бұл тапсырмасы келесі жылдан бастап іске асырылмақ. 

Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифингте министр Ерлан Тұрғымбаев айтты. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрлік алдына осындай міндет қойған. 

Алдағы жылы полиция қызметкерлерінің жалақысы өсетін болады. Сондай-ақ баспананы жалдап тұруға берілетін өтемақыны алушылар санын арттыруды көздеп отырмыз. Полиция қызметкерлерінің жұмысының тиімділігі мен нәтижелігі оның материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуіне байланысты. Оларға лайықты жағдай жасап қана талапты күшейте аламыз, - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Бұған дейін министр елде учаскелік инспекторлардың құзіреті кеңейетінін айтқан болатын. Сондай-ақ, әкімдіктермен жаңа учаскелік пункттер салу және учаскелік инспекторларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып жатқаны айтылды.


Өзгелердің жаңалығы