Келесі жылы G-Global Африкада жаһандық жобаны іске қосады – Ндилека Мандела

24 Тамыз 2021, 12:57
1343
Бөлісу:
Келесі жылы G-Global Африкада жаһандық жобаны іске қосады – Ндилека Мандела

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мандела Тембекиле қорының бас директоры, Нельсон Манделаның үлкен немересі Ндилека Мандела ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ауыл әйелдерін қолдау жөніндегі кешенді әлеуметтік бағдарлама туралы өткен брифингте айтты. 

Мен үш ай болды Африкадағы G-Global-ды басқарамын. Қорда бірнеше бағдарлама бар. Біздің қордың екі бағыты бар. Жетекшілік бойынша әдістерді жастар арасында насихаттау керек. Екінші бағыт бойынша әйелдерге бизнес бастауды үйретеміз. Себебі Африкадағы ауылдық әйелдерде бизнес ашу бойынша ешқандай мүмкіндік болған емес. Сондықтан бұл бағыт бойынша біз жұмыс істейміз. Үшінші бағытымыз – білім беру. Менің атам Нельсон Мандела денсаулық сақтау мен білім беру маңызды сала деп айтатын, - деді ол.

Оның айтуынша, қоғамды дамыту үшін балаларға білім беру керек.

Жастарға білім алудың мүмкіндіктерін кеңейту үшін гранттар қарастырып жатырмыз. Ауылдық жерлерде ондай мүмкіндік шектеулі. Сол үшін қажетті қондырғы мен материал сатып алу үшін қаражат жинап жатырмыз. Келесі жылы G-Global Африкада жаһандық жобаны іске қосады. Біз оған қуаныштымыз. Себебі G-Global-дың Африкадағы әйелдерге жұмыс орын ашуы мен мүмкіндіктер сыйлауының мүмкіндігі жоғары, - деді Ндилека Мандела.


 

Өзгелердің жаңалығы