Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.
Жетінші бағыт бойынша 5 іс-шара іске асыру көзделеді. Жаңа мәдениеттің дарынды өкілдерін дәріптеуге бағытталған нақты шараларды әзірлеу жоспарланып отыр. Креативті индустрияны қолдау қорын құру мүмкіндігі қарастырылады. Сондай-ақ «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында отаншылдық, білімге құштарлық және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді дәріптеу бойынша шаралар әзірлеу көзделіп отыр, - деді министр.
Сонымен бірге халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Мемлекет басшысының 5 бастамасын іске асыру мақсатында келесі іс-шараларды жүзеге асыру көзделеді.
Бірінші, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтеріледі. Екінші бастама, бизнесті жұмысшыларының еңбекақысын көбейтуге ынталандыру бойынша шаралар әзірленеді. Үшінші бастама, микро және шағын кәсіпкерлік үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізу жоспарланып отыр. Бұл жиынтық бизнеске салмақты 34%-дан 25%-ға төмендетуге мумкіндік береді. Төртінші бастама, 2022 жылдан 2025 жылға дейін жекелеген санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20%-ға ұлғайту көзделеді, - деп айтты Ерғалиев.
Бесінші бастама бойынша зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшерінің шегінен асатын бөлігін тұрғын-үй сатып алу үшін «Отбасы банктегі» есепшотына аударуға рұқсат беру мүмкіндігі беріледі.
Ұлттық экономика министрлігі орталық және жергіліктік атқарушы органдармен бірлесіп Жалпыұлттық жоспардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу, сонымен бірге іс-шараларды жузеге асырудың тұрақты мониторингін жасау бойынша тиісті жұмыстар жүргізеді, - деп түйіндеді Ұлттық экономика министрі өз сөзін.
Ол әріптестерінен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын қолдауларын сұрады.
Оқи отырыңыз: