Келесі құрылтайдың қайда өтетіні белгілі болды

15 Наурыз 2024, 16:50
1540
Бөлісу:
Келесі құрылтайдың қайда өтетіні белгілі болды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың келесі отырысы Көкшетауда өтетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шын мәнінде, мұндай алқалы жиындарды аймақтарда өткізудің мән-маңызы зор. Сол арқылы облыстардың дамуына тың серпін береміз, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты. 

Әйгілі Қасым хан – Сарайшықта, Абылай хан – Бурабайда ордасын тіккені белгілі. Есілдің бойында – Кенесары хан мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін талай жорыққа шыққан. Бұл аймақ төл шежіремізде айрықша орын алады. Сондықтан Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынамын, - деді ол жиында.

Өзгелердің жаңалығы