Келесі аптада өтетін спорттық іс-шаралар тізімі жарияланды

Бөлісу:
Келесі аптада өтетін спорттық іс-шаралар тізімі жарияланды
Фото: gov.kz

Туризм және спорт министрлігі 21-27 қазан аралығындағы спорттық іс-шаралар өтетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

21–22 қазан – Almaty Cyber Games International халықаралық киберспорт және ойын мәдениеті фестивалі өтеді. Турнир CS:Dota 2 және FIFA ойындары бойынша финалдық жарыстарды қамтиды. Қонақтардың арасында Иван Жарков (Marvel киноәлеміндегі Тордың дауысы), сондай-ақ танымал киберспортшылар mou, Dosia және стримерлер Leo KZ, baxadoto, Q.bro бар. Өтетін орны: СК SADU Arena, Алматы қ. 

22–25 қазан – Футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасының 2024–2025 жылдың негізгі кезеңі басталады. «Қайрат Футзал», «Семей», «Спортинг» (Португалия) және «Халадаш» (Венгрия) командалары элиталық кезең жолдамасына таласады. Өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы қ. 

22–26 қазан – Ерлер мен әйелдер арасында блиц және рапид бойынша шахматтан Қазақстан Республикасы командалық чемпионаты Қарағандыда шахматтан Қазақстанның командалық чемпионаты өтеді. Облыстардың құрамалары, халықаралық атағы бар шахматшылар, сонымен қатар рейтингі 2000+ ерлер және 1800+ әйелдер қатысады. 

Жеке турнир 26-28 қазан аралығында өтеді. Өтетін орны: Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайы, Қарағанды қ. 

26–27 қазан – Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы Қазақстанның XXXIII баскетбол чемпионаты «Алматылық Легион» баскетбол клубы өз алаңында Ақтаудан келген БК «Каспий» командасын қабылдайды. Өтетін орны: Champ1on спорт кешені, Алматы қ. 

27 қазан – «Астана-Ақтөбе» футбол матчы Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясында «Астана» және «Ақтөбе» футбол клубтары Алматының Орталық стадионында кездеседі. Өтетін орны: Орталық стадион, Алматы қ. Уақыты: 18:00 

27–28 қазан – Ерлер командалары арасындағы ұлттық баскетбол турнирі БК «Астана» және БК «Тобыл» командалары жыл сайынғы турнир аясында кездеседі. • 27 қазан: 15:00 –«Астана БК» мен «Тобыл» БК • 28 қазан: 20:00 –«Астана» БК мен «Тобыл» БК Өтетін орны: Баскетбол академиясы.

Өзгелердің жаңалығы