Келешекке сенім мол – Жақышевтар отбасы

Келешекке сенім мол – Жақышевтар отбасы
1723

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда кезектен тыс президент сайлауында дауыс беруге студенттер, ұстаздар, дәрігерлер, шаxтерлар және басқа мамандық иелері де келді. Болашақтан зор үміт күтеміз, дейді Жақышевтар отбасы.

Жақышевтар отбасының мүшелері әртүрлі салады еңбек етеді. Бірі құқық қорғау саласының қызметкері, енді бірі мұғалім болса, әулеттің үлкені Серік Жақышев 17 жыл өмірін шаxтаға арнаған кенші.


«Қазір зейнеттемін. Көп жылдар Жезқазғанда шаxтада еңбек еттім. Өткен жылы зейнеттік демалысқа шыққан соң балалардың жанына көшіп келдік. Бүгінгі сайлау науқаны жоғары деңгейде өтіп жатыр деп ойлаймын. Елімізге тыныштық, бейбітшілік тілеймін, аман болайық», - дейді Серік Жақышев.

Жақышевтер отбасы №78 сайлау учаскесіндегі сайлау процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын айтып, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне алғыстарын жеткізді.

«Саяси науқанға тыңғылықты дайындалдық. Әр тұрғынға сайлауға қатысуға арнайы шақырту жіберіліп, қажетті ақпарат берілді. Сайлаушылар тізімінде 2145 азамат бар. Дауыс беру орнында 3 бақылаушы бар», - дейді учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қанат Көшкімбаев.


Фото: автордан