Кек алмақ боп қарсыласының көлігін атқылаған күдікті ұсталды

28 Наурыз 2023, 13:04
1187
Бөлісу:
Кек алмақ боп қарсыласының көлігін атқылаған күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысында кек алу мақсатында қарсыласының көлігіне оқ атқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 30 жастағы ауданға қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны полицейлерге белгісіз біреу бұзақылық әрекеттер арқылы үйінің ауласында тұрған көлігіне үш рет оқ атып, қашып кеткені туралы хабарлады.

Жәбірленуші ешқандай жарақат алмаған, оның көлігі ғана зардап шеккен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы азамат ұсталды. 

ҚК 24-99 “Адам өлтіруге оқталу“ бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат жәбірленушімен бұрын болған кикілжіңнен кек алу мақсатында аңшы мылтығынан оқ атқаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. 

Мылтық тәркіленді. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы