Кедей мен бай: Қазақстандықтар өмірінің нашарлауына не себеп деп ойлайды

24 Қараша 2023, 11:03
1137
Бөлісу:
Кедей мен бай: Қазақстандықтар өмірінің нашарлауына не себеп деп ойлайды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Зарема Шәукенова қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатына жүргізілген сауалнама жайлы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

1991 жылы егемендік алғаннан бері Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі ең тұрақты мемлекет болып қала берді. Бұл «Еуразиялық монитор» халықаралық коммерциялық емес зерттеу агенттіктері қауымдастығының (МНАИА) қолдауымен өткізілетін «Бұрынғы КСРО елдері халқының әлеуметтік әл-ауқатының мониторингі» халықаралық жобасының көпжылдық әлеуметтанулық зерттеулерінің деректерімен расталды. 

Әр түрлі тәсілдермен және әртүрлі параметрлер негізінде өлшенетін халықтың әлеуметтік әл-ауқаты - қоғамдық көңіл-күйді бағалаудың маңызды категориясы. Бірінші кезекте халықтың әл-ауқатына әсер ететін өзгерістерді анықтай отырып, әлеуметтік әл-ауқат мониторингі адамдардың өмір сүру жағдайындағы өзгерістердің динамикасын бақылауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда 2004 жылдан бастап осы Халықаралық жоба шеңберінде қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын жыл сайынғы өлшеуді «Стратегия» қоғамдық қоры жүзеге асырып отырды. 2021 жылы «Стратегия» ҚҚ жүргізген Қазақстан халқының көңіл-күйін зерттеу елдің экономикалық жағдайын және өз отбасының материалдық жағдайын бағалау, өз өміріне қанағаттану сияқты әлеуметтік әл-ауқаттың маңызды көрсеткіштерінің айтарлықтай төмендегенін анықтады. Бұл төмендеу ұзақ мерзімге созылып (2017 жылдан бастап), ал 2020-2021 жылдардағы корона дағдарысы осы жағымсыз тенденцияларды жеделдете түскен катализаторға айналды, - деді сарапшы.

Кедей мен бай: Қазақстандықтар өмірінің нашарлауына не себеп деп ойлайды

«Кірістің төмендеуі, қымбатшылық»

Зарема Шәукенованың айтуынша, осы уақытқа дейін экономикалық жағдайдың нашарлауы жағдайында тұтынуды азайту және қосымша табыс көзін өз бетінше іздеу негізінде бейімделу стратегиясы неғұрлым оңтайлы болды. Бірақ 2021 жылы «адаптанттардың» үлесі жауап берудің басқа түрлерін, соның ішінде жақсы өмір іздеп елден көшуді, қоғамдық ұйымдардың қызметіне қатысуды қалайтындар санының артуы аясында айтарлықтай төмендеді.

Қалыптасқан жағдайға белсенді наразылық танытуды сауалнамаға қатысқандардың тек 4%-ы таңдағанымен, 2021 жылы әртүрлі топтағы азаматтардың 3/4 бөлігі наразылықты болжады. Қазақстандықтар өмірдің нашарлауына қатысты жүргізілген сауалнамаларда бағаның өсуіне, кірістің төмендеуіне және жалпы Үкіметтің жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясатына қарсылық таныту ықтималдығын болжай бастады. Елде мемлекеттің экономикалық саясатына сын, «жерді шетелдіктерге сату» тақырыбы, әлеуметтік теңсіздік, халықтың осал топтарының мүдделерін қорғау сынды әлеуметтік тақырып айналасында ықтимал наразылық топтары қалыптаса бастады. Сауалнамалар қоғамда ұжымдық іс-әрекетке сұраныстың артқанын көрсетті, - деп түсіндірді ол.

Ал 2022 жылдың қаңтар айы әлеуметтік көңіл-күйді саяси контекстті зерттеумен тығыз байланыста қарау керек екені аңғарылды. Белгілі қазақстандық әлеуметтанушы, «Стратегия» ҚҚ жетекшісі Гүлмира Илеуованың пікірінше, болған мәселелерді талдау үшін М.Гладуеллдың «әлеуметтік эпидемияларды түсіну үшін алдымен адами қарым-қатынастың өзіндік ерекше және қарама-қайшы ережелер жиынтығы бар екенін түсінуіміз керек» деп сипаттаған «бетбұрыс кезеңінің екінші сабағы» қажет.

Кедей мен бай: Қазақстандықтар өмірінің нашарлауына не себеп деп ойлайды

«2022 жылы халықтың жағдайы жақсарды»

Сарапшының сөзінше, 2022 жылдың екінші жартысында әлеуметтанушылардың сауалнамалары қоғамдық көңіл-күйдің айтарлықтай өзгергенін, халықтың әлеуметтік әл-ауқатының жалпы жақсарғанын анықтады. Болашаққа деген оң көзқарастың төмендеуі салдарынан болған белгісіздік сезімі қазіргі жағдайды сақтап қалуға немесе олардың қысқа мерзімде жақсаруына деген үмітке алмасты.

Бұған елде болған өзгерістер үлкен ықпалын тигізді. Ең алдымен, қоғамдық үрдістер мен саяси тәжірибеге, соның салдары ретінде қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқаты мен көңіл-күйіне Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында айтылған Әділетті Қазақстан идеясы қатты әсер етті. Қоғамның жеделдетілген әлеуметтік дифференциациясы, өсіп келе жатқан теңсіздік, сондай-ақ елдің қазіргі саяси дамуы жағдайында барған сайын өзектілігі артып келе жатқан «әділеттілік» мәселесі - әлеуметтанулық пайымдауды талап ететін күрделі тақырып. Қоғамдық құрылымды әділетсіз деп қабылдау әлеуметтік әл-ауқаттың нашарлауына, қоғам тұрақтылығының төмендеуіне және қалыптасқан мемлекеттік құрылымға деген халықтың сенімін жоғалтуға әкелуі мүмкін екенін атап өткіміз келеді, - дейді Зарема Шәукенова.

ҚР Президенттігіне үміткер Қ. Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» деп аталған еді. Дәл осы бағдарламамен Мемлекет басшысы былтырдың 20 қарашасында өткен мерзімінен бұрын президенттік сайлауда сенімді жеңіске жетті. 

Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде біздің ортақ мақсатымыз – заң мен тәртіп үстемдік құратын, азаматтардың құқығына лайықты құрмет көрсетілетін Әділетті Қазақстанды құру екенін ерекше атап өтті. 

Әлеуметтік әділеттілікті нығайту және тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қажеттілігі – ең көп көңіл бөлетін мәселелердің бірі. 

Мемлекет басшысы халықтың осал топтарын қолдау нысаны ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің қоғаммен диалогы мен өзара іс-қимылының негізгі тәсілі саналатын мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы реформаларға ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар» туралы 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан Президенті жариялаған жаңа мемлекеттік саясат Әділетті мемлекет-әділетті экономика-әділетті қоғам сияқты өзара байланысты үш қағидатқа негізделеді. Әділетті мемлекеттегі басты мәселе - саяси жаңғыру үдерісінің тек ілгері басуы, - деді ол өз сөзінде.

Ал Әділетті экономика мемлекеттің әділ және болжамды экономикалық саясатын білдіреді. 2023 жылғы 1 қыркүйекте VIII сайланған Парламенттің екінші сессиясының ашылуында (Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес Парламент Мәжілісі 2023 жылғы 19 наурыздағы аралас сайлау жүйесінің нәтижелері бойынша құрылды) Мемлекет басшысы Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жаңа Жолдауын арнады.

Кедей мен бай: Қазақстандықтар өмірінің нашарлауына не себеп деп ойлайды

«Қазақстанда өмір сүру ыңғайлы»

Шәукенова атап өткендей, «Демократия институты» ғылыми-зерттеу ұйымының 2023 жылы ҚР ҒЖБМ Философия, саясаттану және дінтану институтының тапсырысы бойынша «Қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайындағы әділеттіліктің мазмұнына және оны қазақстандық қоғамда іске асырудағы заманауи концептуалды тәсілдер» іргелі ғылыми зерттеуінің шеңберінде жүргізген әлеуметтанулық өлшемдері респонденттердің басым көпшілігі үшін әділеттілік құқықтық өріс аясында қабылданатынын және барлығына арналған теңдік пен заңдылық ретінде екенін анықтады. 

Бұл қазақстандық қоғамда құқықтық нормалар мен заңдылыққа деген зор құрмет бар екенін, олар әділдіктің іргелі аспектілері ретінде қабылданатынын айғақтайды. Кедейлер мен байлардың болмауы, мүмкіндіктердің теңдігі және әлеуметтік жауапкершілік те әділеттіліктің маңызды аспектілері ретінде бағаланады. Респонденттердің елеулі үлесі қазақстандық қоғам әділ құрылған деп есептейді. 2022 жылдың соңында «Стратегия» ҚҚ жүргізген сауалнама деректері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 86,3%-ы өздері туралы Қазақстанда өмір сүру ыңғайлы екендігін белгілі бір дәрежеде сенімділікпен айтуы Қазақстандағы әділеттілік жолындағы жағдайдың нәтижелері деп санауға болады, - деді ол.

Зарема Шәукенованың айтуынша, бұл өз кезегінде әлеуметтік оптимизм мен жағдайдың жақсаруы мүмкіндігіне деген сенімнің дәлелі. Бұл ретте қазақстандықтар әділеттілік биліктің іс-әрекетіне байланысты деп санайды. Әртүрлі билік институттарына деген сенім деңгейі әртүрлі. 

Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы сенімнің ең жоғары деңгейіне ие. Қазақстан - жас мемлекет, Қазақстан азаматының орташа жасы – 32 жас, ал елдің еңбекке қабілетті жастағы азаматтарының саны - Қазақстан халқының 59%, бұл орасан зор адами капитал және президенттік реформалар шеңберінде қолдау табатын әлеует. Біздің стратегиялық басымдығымыз - қоғамдық игіліктерді әділ бөлу, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білімі мен мәдениеті жоғары кәсіби білікті азаматтар мен патриоттардың жаңа буынын арттыру. Президент Қ. К. Тоқаев ұсынған Әділетті Қазақстан идеясының өзі қазақстандықтардың, әсіресе жастар арасында жоғары қолдауға ие және осылайша әлеуметтік оптимизмнің өсуіне, өз күшіне және өз еліне деген сенімнің артуына әсер етті, тұтастай алғанда азаматтардың тәуелсіздік мұраттары мен құндылықтарына деген адалдығын нығайтты, - деп пікір айтты сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы