Алматыда 319 салықтық және 102 кедендік тексеріс жүргізілуде – Орынкүл Қазиева

8 Маусым 2020, 17:34
1439
Бөлісу:
Алматыда 319 салықтық және 102 кедендік тексеріс жүргізілуде – Орынкүл Қазиева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда 319 салықтық және 102 кедендік тексеріс жүргізілуде. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Орынкүл Қазиева брифинг барысында айтты. 

Төтенже жағдай аяқталған соң 1 маусымда бірқатар салықтық және кедендік тексеру қайта жанданды. Бейнебақылау бойынша тексеру жұмыстары да басталды. Салықтық, кедендік қарыздар бойынша ескертулер жіберіледі. Әлеуметтік төлемге қатысты қарыздар бойынша қажетті іс-шаралар қабылданады. Аппеляциялық комиссияның жұмысы қайта жанданды, - деді Орынкүл Қазиева.

Оның айтуынша карантин кезінде қолдауға бірқатар кәсіпкер ілікті.

 Жылдық декларация 31 наурызға дейін еді. Бұл уақытта төтенше жағдай жарияланғандықтан, бұл мерзім ұзартылды. Алдымен 30 сәуірге, кейін 1 маусымға дейін ұзартылды. Салық төлеушілерге екі ай уақыт 2019 жылғы декларацияны тапсыруға берілді. Бұл босаңсуды 25 мың адам қолданды. Бұл қаладағы бизнес субъектісінің 31 пайызын құрайды. ШОБ субъектілерінде салықты төлеу 1 және 10 маусымға дейін шегерілді. Жылдық декларация бойынша шекті мерзім 10 маусымға дейін, - деді ол.

Сондай-ақ, ол қала бойынша 93 мың 148 микро және шағын бизнес субъектісі бар екенін айтты.

Олар бойынша салықты төлеу уақыты 1 маусымға дейін шегерілді. 1 маусымнан кейін барлық төлем қаралып, салықтық қарыз бойынша тексерулер жүргізіледі, - деді ол.

Ол атағандай қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша  319 салықтық және 102 кедендік тексеріс жүргізіліп жатыр. 

Субъектінің жұмыс уақыты ескеріледі. Егер де кәсіпорын карантинде немесе жұмысын әлі бастамаған болса, тексеріс тоқтатылады. Тексеріс кәсіпорын толыққанды жұмыс істеп жатса ғана жүзеге асырылады. Адамдармен қарым-қатынасты шектеу үшін кедендік тексеру форматы өзгереді. Камералық кедендік тексеру ұйымдастырылады, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы