Кеден жыл басынан 3,3 трлн теңгеден астам төлем жинады

24 Желтоқсан 2022, 19:28
952
Бөлісу:
Кеден жыл басынан 3,3 трлн теңгеден астам төлем жинады

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдейді,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының кешенді тексеру жүргізу және кедендік шекарада тәртіпті қамтамасыз ету туралы 2022 жылғы 11 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (ҚР МҚ МКК) кедендік рәсімдерді жеделдетуге бағытталған, оның ішінде кедергілерді және заңсыз факторларды (сыбайлас жемқорлық және қылмыстық) жою, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке адал қатысушылар (СЭҚ-қа қатысушылар) үшін құқықтық қолайлы жағдайлар қалыптастыру жолымен дәйекті жұмыстар жүргізуде.

Нәтижесінде 2022 жылғы 23 желтоқсанға еліміздің мемлекеттік бюджетіне түскен кедендік төлемдер мен салықтар көлемі 3,3 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 54% артық (2,2 трлн теңге). Оның ішінде өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 80% (766 млрд теңге) өсумен, 1,4 трлн теңге импортқа қосылған құн салығы (ҚҚС) түсті.

Бұл ретте, 2022 жылға арналған ҚҚС бойынша жоспар мерзімінен бұрын ағымдағы жылғы 7 қарашада орындалды. 

Қазақстанның тауар айналымы 2022 жылғы 10 айда 87,6 млрд АҚШ  долларын құрады (өткен жылы 61 млрд АҚШ доллары). Оның ішінде импорт 24,2 млрд АҚШ долларына дейін өсті (өткен жылы 18,3 млрд АҚШ доллары), ал экспорт 63,4 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды (өткен жылы 42,8 млрд АҚШ доллары).

2022 жылғы 11 айда Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит көлемі өсті және 10,1 млн тоннаны құрады (2021 жылғы 11 айда 9,2 млн тонна).

СЭҚ-қа қатысушылардың саны екі есеге жуық өсті (2021 жылғы 28,8 мыңнан 2022 жылы 44,5 мыңға).

Көрсетілген нәтижелерге қолжеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берген негізгі шаралар мыналар:

1) бақылауды орталықтандыру. Бас диспечерлік басқарма құрылды (БДБ), ол СЭҚ-қа қатысушылармен байланыссыз қашықтықтан бақылауды жүзеге асырады. Нәтижесінде кеден бекетінің қызметкері шешім қабылдаудан алшақтатылып, жүйенің өзі кедендік декларацияны мамандар бойынша дербес бөледі және дәлізді («жасыл», «қызыл», «сары», «көк») айқындайды, яғни сыбайлас жемқорлық көріністері үшін жағдайлар барынша азайтылды;

2) кадр саясаты. Кадр саясатына меритократия қағидаттары енгізілуде. Кеден органдарында кәсібилікті бағалау күшейтілді, атқаратын лауазымдарына сәйкессіздік фактілері бойынша кеден бекеттерінің 10 басшысы және кеден бекеттері басшыларының бес орынбасары қызметінен босатылды.

3) цифрландыру. СЭҚ-қа қатысушыларды санаттау автоматтандырылды. Жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша шаралар қабылданды. Кеден маңы саласындағы субъектілерді санаттау басталды. 8 мыңнан аса тәуекелдің құндық индикаторы өзектендірілді.

4) кедергілерді жою. Қытаймен (ҚХР) шекара маңы өткізу пункттерінің, оның ішінде бұрын жабық болған «Майқапшағай – Зимунай» және «Қалжат – Дулаты» өткізу пункттерін ашу жолымен өткізу мүмкіндігі тәулігіне орташа есеппен 4 есеге дейін ұлғайтылды. СЭҚ-қа қатысушылардың тәуекелдерін есептеу үшін ҚР ҚМ МКК сайтына тауарлар бойынша бағалық ақпарат орналастырылады. «Е-терезе» сайтында көлік құралдары бойынша тауарларды декларациялау бойынша деректерді қарау жөнінде онлайн-сервис іске асырылды.

2022 жылы  ҚР ҚМ МКК Қазақстан Республикасының барлық сауда әріптестері арасында тауар айналымы бойынша бірінші орынды (22,8%, 17,8 млрд АҚШ доллары) алатын Қытай Халық Республикасымен шекарадағы кедергілерді жоюға ерекше назар аударды. Экспорттық декларациялармен онлайн алмасу жолға қойылды, олар бойынша мәліметтер тауар ҚХР мен Қазақстан аумағына кіргенге дейін келеді. 2022 жылға дейін Қазақстан авто көлік құралдарымен (ҚХР-дан импорт 17%) өткізілетін тауарлар бойынша ғана мәліметтерді алды. 2022 жылдан бастап Қазақстан теміржолмен (ҚХР-дан импорт 80%) өткізілетін тауарлар бойынша дерекеттерді алуды бастады. ҚХР-дан тауарлардың құны бойынша және саны бойынша импортты анық декларациялау қамтамасыз етілді. Оның нәтижесі ретінде 2022 жылғы 23 желтоқсанда ҚР мемлекеттік бюджетіне 627,3 млрд теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар түсті, бұл 2021 жылға (382,2 млрд теңге) қарағанда 64% артық.

Көрсеткіштердің осыған ұқсас өсуі тек ҚХР бағытында ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа сауда әріптестері бойынша да байқалады. Мәселен, 2022 жылдың басынан бастап Түркия Республикасынан әкелінетін тауарлар үшін кедендік төлемдер мен салықтардың көлемі 126,9 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы (72,6 млрд теңге) барлық ұқсас көрсеткіштерден 75% артық. Бұл ретте көлеңкелі схеманы жоюдың есебінен,  халық тұтынатын тауарлардан төлемдерді жинау тиімділігі 389% өсті (2021 жылы 4012 көлік құралынан 9,95 млрд теңге, 2022 жылы 3038 көлік құралынан 36,87 млрд теңге)

Сонымен қатар бірқатар міндеттер бақылауда тұр, оларды шешу үшін ҚР ҚМ МКК барлық бизнес-процестерді толық автоматтандыруды қамтамасыз ету, оның ішінде жасанды интелект пайдалана отырып, сондай-ақ барлық кедендік рәсімдерді оңайлату бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады.

ҚР ҚМ МКК ұстанған ашықтыққа бағыты жекелеген кәсіпкерлердің қарсылығына тап болып жатады. Олар орнатылған қағидаларды айналып өту әрекетінде әртүрлі қулықтарға барып қана қоймай, тәртіп орнату жөніндегі жұмыстың беделін түсіруге тырысады. 2021 жылдың барлық кезеңіне қарағанда 2022 жылғы 23 желтоқсанда үш еседен көп бұзушылық анықталды, ҚР мемлекеттік бюджетіне 181,8 млрд теңге өндіріліп алынды, 2021 жылы - 50,7 млрд теңге.

Өзгелердің жаңалығы