«Ауыл» партиясының Батыс Қазақстан облысындағы филиал төрағасының орынбасары Мынатаубиік Тауфиқұлы, партия тізімімен сайланған мәслихат депутаттары Жарылғапов Серік Әбдуғалиұлы, Ескендіров Сайран Темірғалиұлы жергілікті жердегі қоғам белсендісі Мамықов Мұқамбетпен бірігіп шекара бойында орналасқан Казталов ауданының Болашақ ауылдық округі мен Тасқала ауданының Мереке ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Болашақ ауылының жергілікті тұрғындарымен кездесу барысында елді мекенде су тапшылығы, жас мамандардың жоқтығы және ауыл болашағы туралы көп қозғалды.
Осы көкейтесті мәселелерді жаңа округ әкімі Аманжол Баянғалұлы шешіліп жатқанын жеткізді. Ал Мереке ауылының тұрғындарымен кездесу барысында тұрғындар мал жаюға қажет жерлердің жетіспеушілігі туралы айтты.
Сонымен қатар Мереке ауылдық округінде қарасты трансформаторлық қорапшасының күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететіні анықталды.
Сондай-ақ бұл елді мекендегі шекара қызметкерлеріне төтенше жағдайларды, қылмыстық істерді алдын алу мақсатында ведомствоаралық өзара әрекеттесу қажет екені белгілі болды.
Бұл іс-сапарда елді мекендердің қағаздағы есебі мен нақты жағдайы жер мен көктей болып шықты.
Іссапар барысында партия белсендісі Мамықов Мұқамбет ауыл тұрғындарына кішігірім концерт ұйымдастырып, талантымен көпшілікті тәнті етті.