"Қазпоштадан" сәлемдемелерді ұрлаған күдікті ұсталды

7 Қараша 2020, 20:45
1548
Бөлісу:
"Қазпоштадан" сәлемдемелерді ұрлаған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда полиция департаментінің «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасына «Қазпошта» АҚ қоймасынан сәлем-сауқаттардың ұрланып жүргені туралы шағым келіп түскен.

Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, Жедел-іздеу шараларын жүргізу барысында қылмысты жасады деген күдікке ілінген азамат анықталып, ұсталды. 

Ол елорданың бұрын сотталған 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Жауап алу кезінде ол қоймаға талай рет кіргенін, алайда күзетшілердің оған назар аудармағанын айтты. 

Сонда ол ұрлық жасамақ ниетпен қойма бөлмесіне еш кедергісіз кіріп, одан үш сәлемдемені ұрлаған. Ол сәлемдеменің екеуін жасырып, ішінде Тойота Камри автокөлігінің қосалқы бөлшектері жатқан үшінші сәлемдемені бейтаныс біреуге сатқан. 

Табылған сәлемдемелер «Қазпошта» АҚ-ға қайтарылды. Аталған фактімен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен («ұрлық») сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы