«Қазан толды». Алматыда өзбек ұлтының өкілдері «Наурыз палау» пісірді

23 Наурыз 2021, 14:15
1931
Бөлісу:
«Қазан толды». Алматыда өзбек ұлтының өкілдері «Наурыз палау» пісірді

Алматы, BAQ.KZ. Өзбек ұлтының өкілдері Алматыда «Наурыз палау» пісірді. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.

Олар Наурызды қалай күтіп алса, жыл толығымен солай өтеді деп сенеді. Бұны «қазан толды» дейді екен. Онысы «ризығымыз толы болсын» деген ниет.

Бүгін – керемет Наурыз мейрамы қарсаңында Алматыда тұратын өзбек этнос өкілдері «Наурыз палауы» деп аталатын ерекше палауды дайындауда. Қазіргі уақытта біздің аспазшы арнайы мәзір бойынша палауды дайындау үстінде, – деді қалалық өзбек ұлттық-мәдени орталығы төрағасының орынбасары Абдухалил Оралбаев.

Өзгелердің жаңалығы