Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші

11 Қараша 2020, 14:10
7493
Бөлісу:
Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші
EX PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытайда дүниеге келген қандасымыз Жұмақан Нұрмұқаметұлы 15 жылға жуық уақыт бойы сүйектен әртүрлі бұйым жасауға машықтанған. 

Жұмақан шебер 1956 жылы Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автомномиялы ауданына қарасты Алтай қаласының маңындағы елді мекенде дүниеге келген.

Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші

Әкем зергер болған. Мен жастайымнан әкемнің жанында темірден бұйымдар жасауға машықтандым. Біраз жыл қол үйреткен соң ағаш бұйымдарды жасауға кірістім. Домбыра жасауды да үйрендім. 1975 жылы Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданының көркем өнер мектебіне оқуға бардым. Ол жерден скрипкада кәсіби ойнауды меңгеріп шықтым. Ал 1978 жылдан бастап Алтай қаласындағы ойын-сауық үйірмесінде 38 жыл еңбек етіп, 2014 жылы зейнетке шықтым, - дейді ол.

Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші

Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші

Кейіпкеріміз қолөнермен 2006 жылдан бері айналысып келеді.

Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші

Қызмет арасында, бос уақытымда қолөнердің қыр-сырын меңгеріп, машықтана бастадым. 2008 жылы Шыңжаңда ауқымды байқау болды. Сол додаға қатысып, I дәрежелі сыйлық алған едім. Кейін де Үрімшідегі көп байқауға қатысып, жүлделі орынға ие болып жүрдім. 2013 жылы Қазақстанның Ақтөбесінде 7 мемлекеттің шебері қатысқан қолөнер байқауы өтті. Ол байқауға Үкіметтің көмегімен бұйымдарымды әкелтіп, қатыстырдым. Онда халықаралық II дәрежелі сыйлыққа ие болған едік, - деді ол.

Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші

Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші

Жұмақан ағаның айтуынша, 2015 жылы ол Қазақстанға қоныс аударарда көп бұйымын сатып, туған-туысқа таратқан. Өзімен бірге тек 30-40 жұмысын алып келген.

Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші

Қолымда қалғаны осы жұмыстар. Оның көп бөлігі Қытайда жасалған, Қазақстанға оралған соң бұйым жасай алмадым. Ал негізгі мамандығым скрипкашы, домбырада да ойнаймын. 20-ға тарта күйім мен 1 әнім бар. Олар бойынша да байқауларға қатысып, жүлделі 2-орынға ие болғаным бар. Композиторлар жинағы деген топтама кітаптың құрамына да ендік, - деді ол.

Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші

Жұмақан Нұрмұқаметұлы Шыңжаң Ұйғыр автономиясында қолөнер қоғамына тұрақты мүше болып қабылданған.

Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші

Қазір шебер Алматының баурайына қоныстанып, немерелерін бағып отырғанын айтады.

Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші

Менде бұйымдарды жасайтын арнайы тоққа қосылатын құрал-саймандар жоқ. Себебі мен үйде жұмыс істеймін. Өзімнің қызығушылығым зор болған соң, сүйікті іс ретінде айналыстым. Бұйым жасайтын құрал-сайманым да қарапайым, пышақ, балға, егеу, ара-темір сынды заттармен істеймін. Оған реңк беру үшін бояуға да тапсырыс бермедім. Неше жылдан бері зерттеп, зерделеп ашқан жаңалығым сол болды. Сүйекті, әр түрлі заттардың қоқымын біріктіру арқылы реңк жасайтын болдым. Ол түстерді біріктіргенде сүйектердің жалғанған тұсы білінбей, майдаланады, - деді ол.

Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші

Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші

Қолөнерші бұйым жасайтын материалды, яғни сүйектерді соғым сойылған кезде қалатынын не адамдардың өздері алып келетінін айтты.

Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші

Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші

Туған-туыс пен көрші-қолаң да келген кезде сүйек алып келеді. Олардан да бұйым жасап жүретінмін. Қазір ондай бұйымдарды жасап жүрген жоқпын. Себебі кеңінен насихатталып, бағаланбайды екен. Туған жерде бейзат деген мұра бар. Бұл жақта бейзат мұра дегенді түсінбейді екен. Осыған кіргізсем деп ойлаған едім. Себебі бұл мен шығарған дүние емес, қазақтың мұрасы. Қазақтың жоғалып бара жатқан қолөнер түрімен айналыстым. Ата-бабамыз мал бағып, егін екпеген, тек өнермен жан бағып келген адамдар, - дейді шебер.

Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші

Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші

Ол атап өткендей, арғы ата-бабамыз сүйектен төсек-орын, кебеже жасапты деген аңыздар бар.

Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші

Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші

Менің қолөнер жасау бойынша машығым әбден толып, пісті деп ойлаймын. Басында ата-бабамыз жасаған дүниені жалғастырып, неге жасамасқа деген ой болды. Сондықтан да осы салаға ден қойдым. Осыны халықаралық мұраға енгізсек деген ниетім бар. Басқа мақсатым жоқ. Бейзат мұраны бұл жақта не дейтінін ұға алмадым. Бұл қазақтың мирасы мен мұрасы дегенді бекітсе деген ой бар, яғни қазақтың сүйектен жасалатын бұйымдарын патенттеу керек. Себебі басқа біреулер иемденіп кетуі әбден мүмкін. Әзірге оны жүзеге асыра алатын жол таппадым, - дейді ол.

    Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші

Қазақтың сүйектен жасалған бұйымдарын патенттеу керек – қолөнерші

Өзгелердің жаңалығы