Қазақтың әсем салты – төркіндеу

31 Қазан 2019, 14:16
8636
Бөлісу:
Қазақтың әсем салты – төркіндеу
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайда Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің "Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында және "Рухани жаңғыру" бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешудегі аналар кеңестерінің рөлі" тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстар ассамблеялары Аналар кеңестерінің, этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері қатысты. Осы шара аясында ілеспе-аудармашы, белгілі жазушы, ақын Камал Әлпеисованың "Төркіндеу" атты шығармашылық кеші өтті.

кама8.jpg

Төркіндеу дегеніміз – қазақ халқының ежелгі әдемі салттарының бірі. Қазіргі кезде ол ұмытылып бара жатыр. Халқымыздың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерін қайта жаңғыртуға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының "Қазақтану" деген жобасы бар. Осы жоба аясында басталған іс-шара. Төркіндеу жобасы осымен үшінші рет өтіп отыр. Бірінші рет 2017 жылы шешен қызы, белгілі жазушы, ақын, қоғам қайраткері Чумакова Зулпаның төркіндеуі өтті. Былтыр 2018 жылы Талдықорғанда ақын, жазушы Сәуле Досжанованың төркіндеуі болды, - деді жазушы Камал Әлпейсова.
кама6.jpg

Жазушы төркіндеу салтының тамыры тереңде екенін ерекше атап өтті.

Төркіндеуде жалпы қыз бала тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуімен, кішкентай баласымен барып нағашылар қолынан жиенкұрық алып қайтады. Арада жылдар өткеннен кейін кішкентай келін қыз үлкен анаға айналған кезде, өзінің үрім-бұтағын ертіп еліне төркіндеп келеді. Осылайша екі елдің байланысы нығаяды. Төркіндеудің ең басты философиясы қыз баланың өз елінде қадірлі екенін, қыз қонақ деп, қыздың орны төр деп бағалап, барған жерде де қыздың қадірлі екенін көрсету. Төркіндеп барған қыз күйеуі алдында да қадірлі екенін білдіреді. Ол тұрмысқа шықпаған қыздарға өнеге, тәлім-тәрбие, - дейді Камал Әлпейсова.
кама.jpg

Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізіп отырған төркіндеудің ерекшелігі өзінің қоғамдық белсенділігімен, шығармашылығымен танылған қыздарды туған еліне жақынырақ таныстыру.

Төркіндеу рәсімі Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс жоспарына сәйкес 2017 жылдан бері жүргізіліп келе жатыр. Төркіндеу негізі келін болып түскеннен кейін бір жылдан кейін орындалатын рәсім. Ал біздің өткізіп жатқан рәсім қазақ анасы 60-қа жасқа толғаннан кейін төрден аттадым сондықтан артымынан ергенгендерді төркінімен таныстыруым керек деп, үрім-бұтағын, бала-шағасын, келін, немере, жиендерін ертіп баратын салт. Негізі кезінде бұл салтты ананың балалары ұйымдастыратын. Біз енді осы салтты негізге алып, қоғамға белсенділігімен, шығармашылығымен еңбегі сіңген апаларымызды өз елдеріне апарып таныстыру мақсатымен төркіндеу рәсімін өткізіп жүрміз, - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі, Қазақстан кәсіподақтар федерациясы төрағасының кеңесшісі Нәзипа Шанаи.
кама9.jpg

Шығармашылық кеш барысында ақынның өлеңдері оқылып, өлеңіне жазылған әндер шырқалып, құттықтаулар жолданды.

Сіз – көркем туындыларыңыз, ұлттық болмысты сақтап, салт-дәстүрлерді жаңғыртуға бағытталған зерттеулеріңіз бен дәрістеріңіз арқылы жас ұрпақтың тәрбиесіне зор үлес қосып жүрген қайраткер қыздардың бірісіз. Оқырман қауым сізді өзіндік қолтаңбасы бар қаламгер ретінде танып, құрметтейді. Әңгіме, өлең, мақалаларыңызбен сіз сөз өнеріне адалдықтың, оған қызмет етудің үлгісін көрсетіп келесіз. Сіздің бойыңыздағы білім-қабілетіңізді тұлғаны қалыптастыру, мемлекеттік тілдің аясын кеңейту бағыттарына жұмсайтыныңыз көпке белгілі. Ғылыми орта сіздің тәуелсіз Қазақстанда аударманың жаңа саласы – ілеспе аударманы қалыптастырып, дамытудың басында тұрған маман екеніңізді мойындайды, - делінген ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жолдаған құттықтау хатында.
кама3.jpg

Кеш барысында жазушының "Бақыт пен мұң", "Айтылмаған әңгіме" кітаптарының тереңдігі мен тәлімгерлік сипаты ерекше ықыласқа ие болды.

Мен бұрындары Камал Әлпейісованы аудармашы ретінде танитын едім. Бір күні жазушы Зәкір Асабаевтың "Тамұқтағы бақыт" деп аталған "Жұлдыз" журналына шыққан рецензиясын оқып, таңқалдым. Сөйтсем, мен сыртынан құрметтеп, сыйлайтын Камал Әлпейісова тек ілеспе аудармашы ғана емес, жазушы екен. Жазушы болғанда қандай! Өз үні, өз стилі бар! Бұл кісі аз жазатын, аз жазса да саз жазатын жазушылар тобына жататын қаламгер. Бұл кісінің маған "Ғажайып танго", "Әйел бақыты", "Періштенің көз жасы", "Жоқтау" сияқты тақырыбы да, идеясы да ауқымды әңгімелері ұнап, өзіне бірден баурады. Сын принциптерін мығым ұстайтындықтан, әуел де бұл қаламгерге сын көзімен қарап, бақыладым. "Айтылмаған әңгіме", "Бақыт пен мұң" кітаптарын оқығанымда, автор талғам биігінен өтті, - дейді Елдос Тоқтарбай.
Ғалым жазушының әйелдер мәселесі, қоғамдағы ана образы, тастанды бала, айырылысқан отбасы, мейірімсіз әке тақырбы жазушы қаламынан шыққан еркеше дүниелер екенін атады.

кама5.jpg
Жазушы Камал Әлпейісованың шығармашылығын жіті бақылап отыратын болдым. Бір әттең деп айтатыным - бұл кісінің көп уақыты мемлекеттік жұмыста. Егер, жазу үстеліне шындап отырып, шығармашылық жұмысқа ден қойса, айтары да, жазары да мол еді. Уақыт сыны осыны талап етеді. Әйелдің жанын әйел ғана ұғады. Бұл қаламгердің шығармашылық мотиві әйел мінезі, психологиясы, ішкі ойлауы мен жан дүниесі. Біз, ер азаматтар кейде елеп, ескере бермейтін жанның ішкі сырлары мен қалтарыс-бұлтарыстары бәрін әп-әдемі ашып, шынайы жазады. Бұл тек Камал апамыздың қаламына тән қасиет. Оқырманы ретінде де, сыншы ретінде де жазушыдан күтеріміз көп. Тек енді өндіре жазу керек! Әйелдердің мәселесі, қоғамдағы ана образы, тастанды бала, айырылысқан отбасы, мейірімсіз әке... осындай түйткілді мәселелер тек осы кісінің қаламынан келісті шығады деп сеніп, жазушының алдына осындай міндеттер қойып отырмыз. Қазақ қоғамында тұрақтылық пен келісімді, достықты нығайту үшін зор еңбек етіп жүрген жазушы ұлтымыздың салт-санасын, дәстүрін, жөн-жосығын білетін кісі болғандықтан, этнографиялық этюд жазуын қалаймыз. Бұл болашақтағы жазушы Камал Әлпейісованың шығармашылық қолтаңбасын даралайтын сүбелі туынды болуы тиіс, - деді жас жазушы, әдебиет зерттеуші, сыншы Елдос Тоқтарбай.
кама2.jpg

Кеш барысында жазушының қандай дос екенін құрбылары айтып берді.

Мен Камал досымды өте құрметтеймін. Ол досқа адал, кайсар, қиындыкка мойынсынбайтын, абыройлы жан. Әділетсіздікке қашанда қарсы тұрады. Өте білімді, еңбекқор, үнемі ізденіс үстінде жүреді, үлкен кішімен, әр түрлі саланың өкілдерімен тіл табысып, қолынан келгенше көмек етеді. Осының арқасында достары өте көп, - дейді досы Ғалия Жаненова.
Жазушы шығармалар жинағын Қостанайдағы төрт кітапханағы табыстады. Кеш барысында жазушыға "Арқалықтың құрметті азаматы" атағы берілді.

мам.jpg


 
Өзгелердің жаңалығы