Қазақстанның шығысында қатты аяз болады

31 Желтоқсан 2020, 13:23
1878
Бөлісу:
Қазақстанның шығысында қатты аяз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 2 қаңтар күні Алматы облысында ауа температурасы - 20-25, облыстың солтүстігінде 30 градусқа дейін күрт төмендейді. 

Жамбыл облысының солтүстігінде 25-30 градус аяз болады. 2-3 қаңтар күндері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында 32-37, кей жерлерде 42 градус аяз болады. 

Шығыс Қазақстан облысында 2-4 қаңтар аралығында 32-37, кей жерлерде - 43 градус қатты аяз күтіледі.Ауа райы болжамының дәлдігі 95-100%.


Өзгелердің жаңалығы