Қазақстанның ең лас қалалары белгілі болды

10 Наурыз 2021, 12:48
8597
Бөлісу:
Қазақстанның ең лас қалалары белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылы елдің ауасы ең лас қалаларының көшін Өскемен қаласы бастаған. Мұнда ауаның ластану индексі 20,4 көрсеткішіне жеткен, деп жазды energyprom.kz. 

Екінші орында Ақтөбе (19,8) және Қарағанды (19,8) қалалары. Шымкент (3,1), Алматы (5,8) және  Нұр-Сұлтан (10,7) мегополистері де ауа сапасының төмендігі бойынша рейтингтің басына шықты. 

Осылайша өткен жылы ауасы лас қалалар қатарына Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Өскемен, Қарағанды, Ақтөбе, Жезқазған, Балқаш, Атырау және Теміртау енді. 

Аталмыш қалалардағы ау сапасының төмендеуіне автокөліктің көптігі мен кәсіпорындар, желді күндердің аздығы себеп болған. 

Ауа сапасын бақылау екі көрсеткіш бойынша жүзеге асырылады. Оның біріншісі — стандартты индекс, ол арқылы зиянды заттардың рұқсат етілген нормадан тыс болуы есептеледі. 

Сол көрсеткіш бойынша көшті Өскемен қаласы бастаған. Мұнда ауаның ластану индексі 20,4 көрсеткішіне жетті.

Өзгелердің жаңалығы