Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

4 Қараша 2020, 11:16
1090
Бөлісу:
Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 5-7 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде қолайлы ауа райы сақталады, еліміздің батыс, солтүстік-батыс өңірлерін қоспағанда, онда жаңбыр, сондай-ақ, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

Республиканың қалған аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы